karinayackupow
30.03.2023 19:51

Оқылым материалы бойынша қарамен белгіленген сөздерді синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жаз. Жеделхат – телеграф арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, жеделхаттар өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбат, оның үстіне чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады.

Жеделхатты кез-келген қызметкер құрастырып жібере алады, қажет болған жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең ұзақ дегенде 10-12 сағаттан соң, қажет болса бір сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады.

Дескриптор: Білім алушы

- Оқылым материалы бойынша қарамен белгіленген

сөздерді синонимдік қатармен ауыстырады;

- Жинақы мәтін жазады

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
bazilik
19.11.2021 03:26
Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с. — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Ә.с. да оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады. Ә.с-нда берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Ә. с. көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
fedia24
09.01.2021 15:37

Томирис (Тұмар ханша) туралы диалог.

Аспандияр: Бүгін әдеттегіден ұзақ сабақ оқып отырған сияқтысың. Қиын болып жатыр ма?

Еркебұлан: Жоқ, қиын емес, керісінше қызығып кетіп, уақыттың қалай зымырап өтіп кеткенін байқамай да қалыппын.

Аспандияр: Сонда қай сабақты оқып отырсың?

Еркебұлан: Тарих сабағын оқып отырмын.

Аспандияр: Сонда қандай қызықты мәлімет білдің?

Еркебұлан: Ежелгі сақ халықтарының атақты әйел патшаларының бірі Томирис (Тұмар ханша) жайлы оқып отырмын. Анасы ерте дүниеден озып, әкесінің тәрбиесінде болған екен. Кішкентай күнінен әкесімен бірге еріп жүріп, талай рет жаудан да қашып құтылған. Бес жасынан асау атқа мініп, қолына кішкене семсер ұстап, соғыс өнерінің егжей – тегжейін үйрене бастайды.

Аспандияр: Ия, тарих сабағы тұнып тұрған мәлімет қой. Ал сен Томирис патшайымның тарихқа енуінің бір себебін атай аласың ба?

Еркебұлан: Әрине. Әйгілі «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирмен шайқасын атауға болады. Жазба деректерге сүйенсек, Кир патша көптеген елдерді жаулап алып, «Азия әміршісі» деген атаққа ие болып, сақтарға қарсы жорыққа шығады. Шайқастардың бірінде Кир патшасы Томиристің жұбайы Рустамды өлтіріп, Тұмардың баласын қолға түсірген. Тұтқында Томиристің ұлы мерт болады. Ал Кир көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасына өзіне тұрмысқа шығуын сұрады. Ал Томирис болса, ұсынысты қабылдамай, оның қанға тоймас басын қанға тұншықтыруға уәде береді. Ақыры, ұрыстардың бірінде жеңіске жетіп, Томирис Кирдің басын шауып алып, қан толтырылған сабаға тығып, «Аңсағаның қан еді, іш енді соны!» – деп айқайлаған көрінеді.

Аспандияр: Жарайсың! Сабақтыжақсы меңгерген екенсің.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота