1. Арыстан баб – Түркістан облысы, Отырар ауданындағы көне кесене, сәулет өнерінің тамаша жетістігі. Бұл кесене Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы, "бабтардың бабы" – Арыстан бабтың бейітінің басына ұлы қолбасшы Әмір темір XIV ғасырдың соңында салдырған. Бұл кесене зиярат етіп келушілердің саны шексіз. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан тарихи ғимаратқа жолдан өткен жанның барлығы бір тоқтап кетеді. 2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (Түркістан облысы, Түркістан қаласы) – ғимарат осы күнге дейін керемет сақталған. Кесенені бірнеше ғасыр бұрын Қожа Ахмет Яссауидің жерленген жеріне Әмір Темір қолбасшы тұрғызған. Сондай-ақ, Түркістан қаласын «Екінші Мекке» деп та атайды. 3. Шарын шатқалы – АҚШ-тағы Үлкен шатқалға бәсекелес болатын Қазақстанның әдемі жері. Мұнда мистикалық қызықты орындар, кәрі ағаштар мен бас айналдыратын көріністерге куә бола аласыз. Сондай-ақ, «Қамалдар алқабы», «Ведьмино шатқалы» деп аталатын бөліктері бар. 4. Қатон-Қарағай – туристер бір күн бойы тамашалай алатын және ұзақ демалысқа келуге болатын ерекше орын. Ол жер Ресеймен, Моңғолиямен және Қытаймен шекарада орналасқан табиғи саябақ немесе қорық болып есептеледі. Сондай-ақ, мұнда Рахман қайнарлары деп аталаты ыстық су көздері бар. 5. Қайыңды көлі – бұл көлдің су өте салқын, бірақ ол шомылуды қалап тұрғандарға кедергі емес. Күнгей Алаутауда орналасқан көл осыдан жүз жыл бұрын жер сілкінісі кезінде пайда болған.
Досыма хат.
Сәлем, Саша!
Қалың қалай? Үй ішің тегіс аман ба?
Менде бәрі жақсы, алдыңғы хатыңды алып қуанып қалдым. Сол хатыңда қазақ халқы туралы жазуды сұрапсың, мәне, бүгін хат жазудың реті келіп, өзіңе сәлем жолдап отырмын.
Менің ұлтым – қазақ, қазақ елінің тумасымын. «Қазақ» болып туылғанымды мақтан тұтамын! Қазақ халқы қандай халық? деген сұраққа бір – екі ауыз сөзбен ғана жауап беру мүмкін емес, себебі қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың кейбіріне тоқталып кетсем деймін.
Ең алдымен, «қазақ» деген сөзді естігенде әркімнің де ойына «қонақжайлық» сөзі келеді, бұл екеуі егіз ұғымдай болып кеткен. Қонақжайлық тек қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ.
Сонымен қатар, қазақ халқы үшін бата ұғымы қасиетті, ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді.
Қазақ халқы қай заманда болмасын бас киімге ерекше мән беріп, аса құрметпен қараған. Оған дәлел ретінде «бас киімді лақтырмау, аяқпен теппеу», «бас киімді басқа кісіге бермеу» секілді ырымдар мен тыйымдар күні бүгінге дейін сақталған. Қазақ халқында бас киім баршылықты білдіретін болғандықтан, оны оны жерге лақтырса, бақ таяды, бақ кемиді деп сенген. Қуанғанда бөркін аспанға лақтырып, күйрегенде жерге ұрып сүйініш пен күйініштің де белгісін баскиім арқылы аңғартқан. Бас киімді әрқашанда жоғары көтеріп, төріне ілген.
Қазақ халқы баланы ерекше жақсы көріп, бала десе барын беретін бауырмал халық саналған. «Бала адамның бауыр еті, көз нұры» деген мақал осының айғағы іспеттес.
Өз ойымды Қуандық Рахым ағамның «Мен қазақпын» әнінің сөздерімен тәмамдағым келеді:
Қазақ болып тумағанда нетер ем?
Қонақ жайлық жайын білмей өтер ем
Қымыз шұбат қазы-қарта құрт майсыз
Қадір қашып қарным ашып өтер ем.
Мәне, қазақ халқы осындай. Ал сен өз ұлтың туралы не айтар едің?
Жауабыңды асыға күтемін!
Сәлеммен,
құрбың Диана