1. Ісің оңсын десең, сол істің маманы бол.
Даңқын шықсын десең, көпшіліктің адамы бол.
2. Көк жүзіне алаулы
Міндет емес ай болу,
Ең бастысы - қалаулы
Кәсібіңе сай болу.
3. Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар, қалан.