
Объяснение:
Сәлем! 10 күн бұрын бізде 9-мамыр мерекесі атап өтілді! Бұл мереке- Жеңіс күні болып есептеледі. Осы мерекені біздің тойлап жатқанымызға биыл 75 жыл болды. ИЯ, 75 жыл. Бірақ дәл осы күні 75 жыл жыл бұрын екінші дүниежүзізік соғыс болған.Бұл соғыста қазақ жауынгерлері өте мықты ерлік көрсеткен. Олардың бардығы қазақ жері үшін өз өмірлерін қауіп кетерге тіккен. Бірақ солардың ішінде мен Қайырғали Смағулов туралы айтып бергім келеді. Ол екінші дүниежүзілік соғыста аса мықты ерлік көрсеткен, Соғыста ол аға лейтенант қызметін атқарып, Керчь түбіндегі соғыста көзге түсген. Ол жазғыз өзі 20-жау әскерінің көзін жойған. Кейіннен оған Халық қаһарманы атағы берілген. Жалпы Смағуловтан басқа да біздің қаһармандарымыз өте көп. Олар жайлы кейінірек айтып берермін.
Әнші құм Жетісу жеріндегі Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан тауларының етегінде жатыр. Құмды төбенің биіктігі – 150 метр. Ұзындығы – 8, ені – 3 шақырым. Әнші құмның бұлай аталуының өз сыры бар. Мұндағы Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп тұрады. Соның әсерінен, құм төбелер де әрқилы бағытта пайда болады. Кешегі бейнелі суретті бүгін елестете алмайсың. Үнемі құбылып отырады. Жел соққан кезде електен өткендей іріктелген майда құм сусылдап, төмен қарай жылжиды. Осы кезде сырнайдың даусына ұқсас әдемі әуен құлаққа естіледі. Керісінше, жел күшейе соқса, әлгі әдемі үн реактивті ұшақтың гүріліне ұқсайды. Бейне құбыжық келе жатқандай күй кешесің.
Табиғат-Ана тудырған осы бір құпиясы мол ғажап әуенді есту үшін бұл жерге адамдар әдейі ат басын бұрады. Мұнда шетелден ағылған туристерді де жиі ұшыратасың. Табиғат тудырған мұндай ғажайып «әнші» ешбір елде жоқ шығар, сірә!