Мен Махамбеттің ұрпағымын.
Қазақтың байтақ даласын,қонақжай халқын жаудан қорғаған батырлар аз болмаған.Сондай батырлардың бірі,әйгі ақын,жалынды жыршы,күйші – Махамбет Өтемісұлы.Ол мың сегіз жүз жиырма төрт – жиырма сегізінші жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында кеңесші болса,мың сегіз жүз жиырма тоғызыншы жылы Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға екі жылдай тұтқында болады.Ал мың сегіз жүз отыз бірінші жылы абақтыдан қашқанымен,артынан ақталып шығады.Мың сегіз жүз отыз алты - мың сегіз жүз отыз сегізінші жылдардағы И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі болады.Көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс табады.Мың сегіз жүз отыз сегізінші жылы он екінші шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта екі жылдай жасақ жинауға әрекет жасады.Бірақ онысы жүзеге аспай,хан адамдарынан қашып жүруге тура келеді.Махамбет мың сегіз жүз қырық бесінші жылы тұтқиылдан қастандықпен өлтіріледі.
Махамбет Өтемісұлы өз шығармалары арқылы жасақтағы сарбаздардың рухын көтеріп, намысын қайрады. Ол "өзім" деп емес, "Елім!" деп күресті.
Айдын Ақанұлы Айымбетов — қазақ ғарышкері, Қазақстан республикасының азаматы, космосқа ұшқан әлемнің 545-ші ғарышкері. Қазақстан Халық Батыры, Қазақстан ӘӘК (ВВС) полковнигі. Қазақтан шыққан ғарышкер 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген.
Ғарыштық миссиясы- Союз ТМА-16М, Союз ТМА-18М
Тұңғыш ғарыштық қызметі- Союз ТМА-16М
1989 жылы Талдықорған қаласындағы №20 орта мектепті алтын медальға бітірген соң Авияцияның бас маршалы П. С. Кутахов атындағы АРМАВИР жоғары авиация училищасына түсіп, оны 1993 жылы бітіреді. «Командалық, тактикалық жою авиациясы» мамандығы бойынша бітіріп, ұшқыш- инженер мамандығын алып шығады.
1993 жылдың мамыр айынан бері ҚР Әскери- әуе күштерінің қатарында әртүрлі қызметте болады. 1993 жылы ғарышкерлер қатарына енгізу жөнінде өтініш білдіреді. Ғарышкерлер қатарына қосылмай тұрып, ол Талдықорған қаласы маңындағы әуе базасындағы әуе желісінің командирі болып қызмет еткен. Ол 470 сағат әуеде ұшып парашютпен 360 рет секірген. 2002 жылдың 9- қарашасында ҚР-ның ғарышкерлерінің қатарына қосылып 2003 жылы медициналық тексеруден өтіп жаттығу жұмыстарына кіріседі.
Объяснение:
Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапары он күнге созылды. Қыркүйектің 2–12 дейін. Он күнге созылған сапар барысында ол бірқатар физикалық- ғарыштық эксприменттер мен Арал және Каспий теңіздерінің экологиясына мониторинг жүргізіп шаңды дауылды зерттеді. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдарын самақсыздықта дегустациялады.