DanyaOMG
12.10.2022 12:44

-tаnсырма. Мәтінді тыңда, оқы. Табиғатқа қараңдаршы. Табиғатта зор жаратылған алып
«Зор», - десең, кит, күштів, десен, піл бар. «Батыл
десең, жолба
емықты», — десең, арыстан тұр.
Бізді қоршаған дүние қайнап жатқан мұхит. Жел соғып, да
нетеріледі. Теңіз толқып, аспанға атылады. Найзағай аспанды күркіре
Табиғаттың тағы басқа да толып жатқан зор, өлшеусіз мықты, мейір
күштері көп. Бұл керемет күштерге адам қалай қарсы келмек?!
Ертедегі адамдар табиғаттың сырын үйренуді армандады. Оны
үшін зерттеу жүргізді, керегін алу үшін еңбек етті. Еңбегін жеңілдету
еңбек құралдарын ойлап тапты. Міне, адамның кәсіпке, маманды
бейімделуі содан басталды.
Жаратылыстың әлі бізге ашпаған сыры өте көп. Біз бар мүмкіндігі
ці әртүрлі салада дамытуымыз керек. Бұл – білімді, білікті, жақсы м
олуды талап етеді.
Табиғаттың өзі ұлы, оның сырын тапқан адам одан да ұлы,
абиғатқұмарлар үйірмесінің жетекшісі
Хасен мұғалім.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Дина19986
10.07.2021 03:06

Менің сүйікті тағамым

«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз етті сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндер мен туған күндерге үнемі ет асып, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады. Әдетте, қамырды анам қолдан жайып, сорпаға етпен бірге картоп пен сәбіз салып пісіреді. Ал тұздығына пияз бен сәбіз қосып дайындаған ұнайды.  

Дегенмен ет асып, табақ тартқанның да ежелден келе жатқан өзіндік мән – мағынасы бар, соған тоқтала кетсем.  

Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.

Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.  

Ал соғым сойылып жатқан кезде дайындалатын қуырдақтың дәмін айтсаңызшы, тіл үйіреді...

0,0(0 оценок)
Ответ:
fpokryshkin
21.02.2020 09:01
Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы
Жазғы Олимпи́ада ойындары — Халықаралық олимпиада комитетінің эгидасымен, 4 жылда бір рет өтетін жазғы және барлық маусымдық спорт түрлерінен орасан зор халықаралық жарыстар. Ойындар 1896 жылдан бастап өткізледі.
Қазақстан намысын қорғаушы спорт майталмандары да әр төрт жыл сайын осы айтулы додаға аттанады. Еліміздің мақтанышына айналған Олимпиада чемпиондарымыз да бар. Илья Илин, Серік Сапиев, Мая Монеза сынды чемпиондарымыз еліміздің намысын қорғап, көк байрағымызды әлем алдына шығарған.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота