
Берілген билетке жауап.
1 сұрақ.
Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Батаның түрлері -біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақта батыр билерден, шашашсына шаң жұқпайтын ақындардан бата алуға құштар болған.
Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Батаның мақсаты: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны жаратқан иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды.Басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді.
Батаның түрлері:
1. Нәрестеге бата
2. Асқа бата
3. Ұлға бата
4. Қызға бата
5. Келінге бата
6. Сапар бата
7. Жастарға бата
8. Сүндет той батасы
9. Наурыз батасы
10. Ораза айт батасы
11. Жарапазан батасы
12. Ас қайыру батасы т.б.
2 сұрақ.
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
3 сұрақ.
Ит өлген жер – алыс;
Қырғиқабақ болу – ұрысу;
Ешкімнің ала жібін аттамау - ешкімнің жолын кеспеу,қарғысына жолықпау.
Менің анам – жер бетіндегі ең аяулы жан. Мен оны шексіз жақсы көремін. Оны белгілі бірнәрсе үшін жақсы көремін деп айта алмаймын. Оған бар болғаны менің өмірімде бар болғаны үшін алғыс айтамын. Мен оны мақтан тұтамын. Одан асқан маған жақын жан жоқ. Оның есімі Гүли Әбдіраманова. Ол өте сұлу. Оның сылдырлаған күлкісі мен қоңыр көздерін жақсы көремін. Аялы алақанындағы жылуын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Менің анам өте мейірімді. Ол барлық адаммен тіл табыса алады. Қиын-қыстау кезеңде алақанымен аялап, қолдау көрсете біледі. Анам бауырымыз екеуімізді шыр етіп осы дүниеге келген сәттен бағып-қағып келеді. Анама маған осы күнге дейін жасағандарының барлығы үшін алғыс айтамын. Өзім де оған көмек қолын созып отыруға тырысамын. Әдетте үй ішін жинап, ауыр сөмкелерді көтерісуге көмектесемін.
Анам тамақты өте дәмді әзірлейді. Ол мені өміріме қажетті біліммен қаруландырып жатыр десем қателеспеймін. Мұнымен қатар, мен онымен бірге серуендегенді ұнатамын. Біз қонаққа, киноға, көрмелерге бірге барамыз. Таза ауада бірге тыныстаймыз. Анамның еш уақытта көз жасының төгілмегенін қалаймын. Оның көздері үнемі күн секілді жарқырап, жадырап жүргенін қалаймын. Мен ол кісіге бақыт пен денсаулық тілеймін. Барлық арман-мақсаты орындалсын. Бізге ғана емес, аналарға да жылы алақан мен қамқорлық қажет екенін ұмытпайықшы. Қымбатты анам, мен сізді қатты жақсы көремін. Сабақтан жақсы баға алып сізді күн сайын қуантуға тырысатын боламын.
Анашым, менің өмірімде бар болғаныңыз үшін рахмет! Анашымның төзімділігі мен кешірімділігіне қарап қайран қаламын. Мен ол кісіні осы күнге дейін сан рет ренжіткен болатынмын. Бірақ, қиналған сәтте алдына жылап баруды тоқтатқан емеспін. Кішкене болғанымда ол кісі неге сонша қатал екен деп ойлайтын едім. Өсе келе мұның қаталдық емес, маған жақсылық тілегені екенін түсіндім. “Кейін өзің ана болғанда түсінесің” деп айтатын еді. Ол кісінің нені меңзегенін бірте-бірте сезіне бастағандаймын. Жаратушы ием, менің анам мен әкеме ұзақ әрі бақытты ғұмыр беруіңізді сұраймын! Баласын өзі жетектеп жүрген жалғызбасты аналар бар. Мұндай тағдырдан сақтандырған әкеме де алғыс айтқым келеді!