Өтірік айтуға бола ма?
"Өтіріктің құйрығы бір тұтам" дегендей, менің ойымша, өтірік айтпаған абзал. Себебі ерте ме, кеш пе өтірік ашылып, ақырында адамдардың өзіңе деген сенімін жоғалтасын. Қандай болмасын шындықты айтқан дұрыс.
Қазақ халқының мақал - мәтелдерінде өтірік тақырыбына өте көп көңіл бөлінген. Сол арқылы ата - бабамыз бізге дұрыс бағыт - бағдар, тәрбие беріп, өтіріктен жаман қылықтардан аулақ болуымызға ықпал тигізген.
"Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салатын" демекші, әрдайым шындықты бетке айтып, жалған айтдан аулақ болайық!
1. Бірыңғай қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер қатары.
D) Жұлдыз, ұлт, өзен.
2. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
B) м, н, ң, р.
3. -даған, -деген жұрнақтары арқылы жасалған сан есімнің мағынасына қарай түрін анықтаңыз.
А) Болжалдық.
4. Сөйлемнен есімдікті тауып белгілеңіз.
Өз суретінде алтын күзді сала бастады.
C) Өз.
5. Сөйлем ішіндегі бастауыштың сұрағын көрсетіңіз.
Табиғатта жолбарыс бір күнде 20-25 кг ет жейді.
D) Не?
6. Сұраулы сөйлемнің анықтамасын табыңыз.
B) Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады.
7. Керекті жұрнақты белгілеңіз.
Аяз... күн
B) –ды.
8. Жалқы есімді табыңыз.
D) Ахмет Жұбанов – қазақ музыкасының қара шаңырағын көтеруші.
9. «Оқу, күй» сөздеріне туынды зат есімнің қандай жұрнағы жалғанатынын белгілеңіз.
B) -шы, -ші.
10. Салыстырмалы шырайдың анықтамасын көрсетіңіз.
A) Зат белгілерінің артық-кемдігін салыстырады.
11. -тан, -тен жұрнақтары жалғанатын сөздерді көрсетіңіз.
D) Тамақ, еңбек.
12. Болымсыздық демеуліктерін көрсетіңіз.
B) түгіл, тұрсын.
13. Пысықтауыш қай сөз табынан екенін белгілеңіз.
Суықта балалар да ойнай алмады.
E) Сын есім.
14. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
E) Оның келмей қалуы мүмкін еді.
15. Шартты бағыныңқылы cабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.
A) -са, -се.
16. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторларын белгілеңіз.
C) Ш.Уәлихан, Ж.Мәлібекұлы.
17. «Тәжірибелі» сөзінің баламасын көрсетіңіз.
C) Тіс қаққан.
18. Сөйлемде берілген фразеологиялық тіркестің синонимін белгілеңіз.
Жарысқа жүрегінің түгі бар оқушылар қатысады.
B) Батыр.
19. «Қорқақ» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
C) Су жүрек.
20. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған үстеуді табыңыз.
E) Біз жедел хабар алдық.