
Отанымыз, кең байтақ еліміз, қазақ ата-бабаларымыздан қалған жер — Қазақстан. Басқа елдерге кетсек, өз елімізді өте қатты аңсаймыз. Әр кісі өз туған жерін іздейді. «Әркімнің өз елі-Мысыр шаһары» деген мақал-мәтелді босқа айтпаған.Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан. Аумағы - 2.724.900 шаршы шақырым.(1.049.150. sq. miles). Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың км2. Халқы 15 млн.-нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы — Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ.). Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің 105 элементінің 99 табылған, 70 бойынша қорлары барланған, өндіріске 60-тан астамы қатыстырылған.
Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрін қамтитын 493 кенорны белгілі. Қазақстан әлемде мырыштың, вольфрамның және бариттың барланған қорлары бойынша бірінші, күміс, қорғасын және хромиттердің барланған қорлары бойынша екінші, мыс пен флюорит бойынша үшінші, молибден бойынша төртінші, алтын бойынша алтыншы орында тұр.
Ескерту. Интернет желісіндегі материалдар алынды.
Объяснение:
Алтай жерінің асты қандай қазыналы болса,үсті де сондай бай ғой.Мұның сыңсыған орманының өзі бір байлық емес пе жатқан! жатқан.Оны нағыз Тайганың өзімен ғана теңестіруге болады.Алтай сыбдыр-сыбдырын естіп пе еді құлақтарыңыз? ...Ең алдымен орман ішінің ауасын айтсаңызшы! Оған жақындай бергенде-ақ,шөптің,шайырдың,жапырақтың,топырақтың,ағаштың,гүлдің, бір сөзбен айтқанда, бүкіл табиғаттың хош иісі мұрыныңды жарады. Неше түрлі нәрлі жемістің қосындысынан жасалған керемет сусын ауаны кеуде орманын аралап көргендеріңіз бар ма? Балуан пішінді самырсын қарағайын көріп пе едіңіздер? Жел қозғағанда оның жасыл ине жапырақтарының ғажайып күйге ұқсайтын кере, қайта-қайта жұтумен боласыз.
Сары шымшық
Сары шымшықты ауылдан да, қаладан да кездестіруге болады. Қыс күндері терезенің
Объяснение: