Театр – уақыт айнасы деуге болады. Мәдени саясаттың аса маңызды міндеті ізгі адам тәрбиелеу. Театр репертуарында бұл бағыттағы қойылымдар бұрыннан баршылық. Әр кезеңнің өзіндік идеалдары, басымдықтары, идея-мақсаттары болады. Еліміз бүгінде мүлдем жаңа саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік кеңістікте күн кешіп жатыр. Рухани тұғырдың маңызды бөлігі өнерге, оның ішінде «тобырды ұлтқа айналдыра алатын» театр өнеріне, әманда, ерекше көңіл бөлінеді. Алға қойылған мақсат-міндеттер де ауқымды.