TheSniper
20.01.2023 17:07

Берілген мәтіннен мезгіл үстеулерін теріп жазыңдар. Әділеттің қуанышында шек жоқ! Енді ше?! Айт мейрамында оған су жаңа компьютер сыйлыққа берілді!
Кеше ғана Рамазан айы аяқталып еді, әкесі үйге бірнеше қорапты көтеріп кірді. Бірінде – монитор, екіншісінде – процессор, басқаларында – пернетақта, тышқан, жалғайтын сымдар...
Қораптарды ашқанша тым кеш болып кетті. Әкесі:
Ертең кешке дейін шұғыл істерім бар, үйде болмаймын. Сен бұларға тиіспе. Кешкісін екеуміз бірге қосамыз, – деді.
Таңертең төсектен қарғып тұрған Әділет көз іле алмады. Ұйқыға киетін киімін шешпестен, компьютердің жанына жүгіріп келді. Көптен күткен арманы көз алдында тұрғанда кешке дейін шыдай алсын ба? Ол компьютер алдындағы орындыққа отырды да, қолының батырманы қалай басқанын байқамай қалды. Өйткені компьютер қосуды білетін. Сыныптасы Жарастың үйіне бірнеше рет барып, компьютер ойындарын ойнаған. «Әкем болмаса да қоса аламын ғой! Қалай жұмыс істеуді білемін. Артық нәрсеге тиіспеймін. Тек өзіме таныс ойындарды ғана қосамын!» деп ойлады. Компьютер де тез қосыла қалды. Сүйікті ойынын да оңай тапты. Бірден сол әлемге еніп кетті.
Әділет! – деген анасының даусын естіп, селк ете қалды да, атып шықты.
Сен неге әлі киіміңді ауыстырмағансың? Тісіңді де жумағансың, шашың да таралмаған. Жүр, таңғы ас ішейік. Бүгін қонаққа баратынымызды ұмыттың ба?
Әділет бәрін ұмытқан. Қонақты да, таңғы ас, тіс щеткасы, тарақ – бәрін де. Ол ойынды ғана ойлап тұр.
Анашым, менің қонаққа барғым келмейді. Үйде қалсам бола ма?
Үйде қалу? Неге? Кеше қатты барғың келіп еді ғой. Бармасаң, Әлия әпкең ренжиді. Оған үй шаруаларына, бақша жұмыстарына көмектесіп, жігіт болып қалып едің...
Келесі жолы барамын деп уәде беремін. Ал бүгін үйде боламын. Мен үшін алаңдама, жасым он екіде, үлкен жігіт болдым ғой...

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Zylfia221
02.02.2023 03:52

Сақ ханшайым Томирис.Толық аты Тұмар.Тұмар сақ елінде өсіп жауынгерлік өнерін ер адамнан кем білген жоқ.Тұмар ханшайым болғаннан кейін ол Рүстем ханзадаға үйленеді.Тұмардың баласы Спаргап.Тыныш өмір сүріп жатқанда,әлем патшасы парсы патшасы Кир томириске елші жіберіп тұрмысқа шығуын талап етеді.Бірақ Тұмар Кирдің үйлену үшін емес елін жаулап алу үшін ұсыныс жібергенін біліп бас тартады.Кир патша өз әскерлерін сақ еліне қаптатып жібереді.Өзеннен өту үшін көпір салады.Бұны естіген Тұмар ханша Кирге былай дейді:бәрі әділетті болсын,сен көпірді соқпа,жақсылап өзеннен өткенше біз бір күндік жерге шегінеміз дейді.Кир кішігірім жерге 400-500 адамын қойып негізгі әскерін жасырып қояды Тұмар ханшаның шабуылдаушы тобында ұлы да болады.Олар Кирдің лагерін тауып әскерін өлтіріп тойлап жатқанда Кирдің негізгі әскері келіп әскерді қырып Спаргапты тұтқынға алады.Спаргап тұтқынға түскені үшін намыстанып өз өзін өлтіреді.Кир мен Тұмар ханшаның әскері чоғысып сақтар жеңіп Кирдің басын қан толтырылған меске салады

0,0(0 оценок)
Ответ:
nastya55652
18.11.2021 22:38

Қазақстанның алғашқы қорығы.

Қорық дегеніміз - экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтар жиынтығы. Қорықтардың мақсаты - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау, сол аумақтағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын сақтау.

Еліміздің аумағында 10 қорық бар. Ең алғаш ашылғаны - Түркістан облысының аумағында орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығы. 1926 жылы ашылған болатын. Орталық Азия мен Қазақстанның ішінде алғаш ашылған қорықтардың бірі.

Қазіргі таңда Ақсу - Жабағылы қорығы  ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне бай. Қорық аумағында бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі кездеседі.

Қорықтар аумағында туристік жол бағыттар қарастырылған.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота