Менің әжем бар. Ол өте мейірімді жан. Мен кішкентай күнімнен әжемнің бауырында өстім. Ол мені адалдыққа, білімге құштар болуға үйретті. Әжем қазақ ауыз әдебиетінен көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Сол білгендерін маған күнде ұйықтар алдында айтып береді. Әжем менің күнде сабағымды тексереді. Сабақтан жақсы баға алсам, әжем қатты қуанады. Мені құлыншағым ботақаным деп еркелетеді. Әжем әрдайым менің тәрбиеме де үлес қосып келеді. Ол менің ибалы да, иманды қыз болып өсуімді қалайды. Мен әжемнің менің жақсылығымды көріп, қызығыма тоймай, ұзақ өмір сүре берсін деп тілеймін!
Объяснение:
Жиырма бірінші ғасыр -дамыған қазіргі заман, білім мен озық ойдың ұштасып жатқан уақыты.Адамның біліміне байланысты техника да күрделене түспек.Түрлі роботтар мен машиналар адамның ой жемісі.Бәрі де қол жетімді, егер ақшаң жетсе.Дегенмен әр нәрсенің оң мен солы болады емеспе. Текникада тура сол сияқты, пайдасы мен зияны да бар.Пайдасын айтар болсақ, бір жерге асығып тұрсаң-көлігің астыңда , қыздырасың да тарта бересің, қыр асып,шөл басып.Біреуге қоңырау шалғың келсе, смартфоның қолында.Тіпт әлемнің түкпір-түкпірімен сөйлесуге болады.Өткен ғасырдағыдай, бір үйге бір телефон ,(мүмкін бір ауылға шығар) барлық адам кезектеспейді.Техниканың жетілгені соншалық,адамның орнын робот басты.Ғарышқа зымыран ұшырып,дүкенді бір көзді "камерамен" басқарып,телефон арқылы жұмыс істеп,жақыныңмен бейнехабарлама(видеозванок)арқылы сөйлесе аласың. , Міне техниканың көмегі.Ал зияны қаншама.Бастарын көтермей телефонға телміргендер,жанындағы жайсаңдарды ұмытып кетіп жатады.Енді бірі- телефонға та шұқшыйғаннан көзсіз қалып жатқандар да бар.Көптеген көліктердің кесірінен ауа ластанып, ғаламшарымыз құрдымға кетуде.Сондықтан,техниканың пайдасы мен зиянын саралап біліп жүргеніміз жөн.