Қылышынан қан тамған кеңес өкіметінің тұсында ел ағаларының басты арманы — ұлтын сақтап қалу болды. Олар тәуелсіздік үшін күрес жолында жан алысып-жан берісті. Дәл осындай азаматтардың бірі Дінмұхамед Қонаев еді. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері халқы үшін қалай аянбай еңбек етсе, елі де оны дәл солай ұлықтап, төбесіне көтерді.