Ораз Қаңлыбаев – Қазақстан конькишілері арасынан шыққан тұңғыш спорт шебері, конькимен алыс қашықтыққа жүгіруден Қазақстанның 12 дүркін чемпионы және ел рекордын 7 мәрте жаңартқан. Әрі Кеңес Одағы құрамасына енген тұңғыш қазақ спортшысы (1952-53 жылдары өнер көрсетті).
Ораз Мұсағалиұлы 1931 жылы 7 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында дүниеге келген. 1963 жылы Мәскеу мемлекеттік орталық дене тәрбиесі институтын (қазіргі Ресей мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті) бітірген. Жеңіл атлетика, велосипед, волейбол, допты хоккей, бокс, коньки сынды спорт түрлерімен айналысқан. Алайда бұлардың арасында Ораз Қаңлыбаевтың атын шығарған және тарихта есімін қалдырған коньки спорты еді.
2-тапсырма
Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері Пайғамбардың ﷺ көкесі Аббастан тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасында тарап, олар мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам үмметін кезекпен 4 ұлы сахаба — Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді «Әділетті халифтер» (араб.: خلفاء الراشدون) заманы деп атайды. Бұл заманда Ислам халифаты Арабия түбегінің сыртына тарала бастады