nikadey1
21.11.2020 07:29

Какое место занимает туризм в государстве

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kamely98
26.04.2021 09:21

ответ:– Ханкелді аға, биыл ұлы ғалым Қаныш Имантайұлының туғанына 120 жыл толып отыр. Сіз тұлғатанумен айналысып жүрген ғалым ретінде Сәтбаев феноменін  қалай түсіндіре аласыз?

– Артына өшпес із қалдырған дара тұлғалар ұлттың мақтанышы ғана емес, тағдыры мен тағылымы үздіксіз зерттеуді талап ететін күрделі тарихи құбылыс. Олардың шығармашылық мұрасы, терең ой-тұжырымдары,  атқарған істері заманамен астаса қабысып, бүгінгі күннің, тіпті болашақтың өзекті мәселесі болып қала бермек. Осындай тұлғалар қатарында Қаныш Имантайұлы да бар. Сәтбаев құбылысы сан алуан. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейін:

Бірінші. Қ. Сәтбаевтың идеясымен, жаңалығымен, бастамасымен «Үлкен Жезқазған» бой көтерді. «Ертіс-Қарағанды» каналының қазылуына, Маңғыстау газ кен орнының ашылуына, тіпті сол аймақтың Түрікменстанға өтіп кетпеуіне де Қ.Сәтбаевтың тікелей қатысы бар. Оған дейін бірде-бір қазақ мұндай нәтижеге қол жеткізген емес. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев айтқандай, «Қаныш Имантайұлының Қазақстан аумағындағы табиғи қазынаны зерттеуге қосқан зор үлесін біз тек қазір ғана түсініп, тиесілі бағалап отырмыз».

Екінші. Қ.Сәтбаевтың бас болуымен Қазақстан Ғылым академиясы шаңырақ көтерді. Бұл  да қазақ даласында бұрын-соңды болмаған табыс.

Үшінші. Шоқан ғылым көгінен ағып түскен жұлдыз болса, Қ.Сәтбаев – әлемдік ғылым көгіндегі мәңгілік жұлдыз. Нақтырақ айтсақ, 50-ші жылдар аяғындағы Лениндік сыйлықтың парқы мен нарқы Нобель сыйлығынан еш кем емес еді. Қаныш – Лениндік сыйлықпен марапатталған тұңғыш қазақ.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
вика36100
23.12.2022 11:49

Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.

Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне-өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.

Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота