
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық.Мектеп кітапханасы –кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне ,саяси сапасын қалыптастырып,ғылыми,мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден –бір әлеуметтік орын.Кітапханаға келіп,қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады,білімдерін толықтырады.Біздің жауапкершілікті міндетіміз: кітаптарды насихаттаудың түрлі формаларымен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру,жан-жақты дамыту болып табылады.
Осы орайда кітапханамыздың жаңаша форматы жасақталды.Оқу залының аумағы жаңаша деңгейде өзгертіліп ,кішкентай балаларға арналған бұрыш жасалды.Жаңа түскен әдебиеттерге,көркем әдебиеттерге,ғылыми-көпшілік әдебиеттерге,мерзімдік басылымдарға шолу жасалып,сөреге қойылады.Сондықтан мәдени ошақтарды жандандыру ,оның ішінде балаларға қызмет көрсететін мектеп кітапханаларының еңсесін көтеру,дәстүрімізді сақтай отырып,өскелең ұрпақтың білімін,рухани байлығын арттыру,тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету өз қолымызда.