
Адамның асыл мұраты.
«Арманы бар адамның
Бойында қайнар қуаты,
Алдында жанар мұраты», демекші мұрат - бізді алға жетелейтін терең мақсат пен асыл арман. «Бес саусақ бірдей емес» деп ата – әжелеріміз айтатындай, әр адамның мұраты да әр түрлі болады. Біреулер материалдық құндылықтарды бағалап, соған жету үшін бар күш – жігерін жұмсаса, енді басқалары үшін рухани байлық маңызды. Сонымен қатар, менің ойымша, адамның түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты мұраттары да өзгеріп, ауысып отырады. Мысалға, кішкене сәби үшін ең асыл арман – ол көп ойыншық пен ата – анасымен армансыз қыдыру мен ойнау болса, мектеп жасындағы жеткіншек сабағымды жақсы оқып, жақсы баға алып, ата – анамды қуантсам деп мақсат қояды. Ал мектеп бітіруші түлектің асыл мұраты – болашақ мамандығын дұрыс таңдап, ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, ата – анасының үкілі үмітін ақтау. Студенттерді алар болсақ, олар емтихандары мен сынақтарын ойдағыдай тапсырып, кәсіби іс – тәжірибеден сәтті өтіп, кейін осы таңдаған мамандық бойынша жақсы жұмысқа орналасуды басты мұрат санайды. Қолында дипломдары, қалаған жұмыстары бар жастар келесі кезекте отбасын құру туралы ойлап, өмірдің басты мәні осы отбасы мен балада екенін түсініп, отбасын құрады. Мен «асыл мұрат» деген ұғымды осылай түсінемін, сіз менімен келісесіз бе?
Объяснение:
(Можно поменять имя) Менің досым бар. Оның есімі - Лёша. Ол менімен бір сыныпта оқиды. Сабақтан кейін біз серуендеуге барамыз. Кейде менің ауламда ойнаймыз, онда бізде жаттығу жабдықтары бар. Біз сондай-ақ футбол ойнағанды жақсы көреміз. Менің досымның үйінен алыс емес жерде жақсы футбол алаңы бар. Тіпті қақпада тор бар. Онда аптасына бірнеше рет ойнаймыз. Жазда Леша екеуміз тамызда бір-бірімізді көреміз, өйткені досым жазғы демалыстың қалған уақытын ауылда өткізеді. Ол өте жақсы дос. Ол мені ешқашан сатпайтынын білемін. Лёша - шынайы дос