
Күйші туралы.
Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.
Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.
Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.
Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.
Қазақ халқының мақтанышы, аты аңызға айналған Қажымұқан Мұңайтпасов жайында көптеген естеліктер, көркем фильм, хроникалық киноленталар бар. Ол кісімен кездескен адамдар айтып жүрген аңыз-әңгімелер де аз емес. Кейінірек шыққан Ғазизбек Тәшімбаев құрастырған «Күш атасы» жинағындағы («Қазақстан» ба , Алматы, 1990 ж.) естеліктерде оның палуандыққа қандай қиын жолмен келгені, бүкіл Еуропа, Америка, Азия халықтарына өзін қазақтан шыққан тұңғыш палуан екенін көрсеткені тәп-тәуір берілген. Оның ішінде Қазбек Сүлейменовтің «Палуанның балалық шағы», Дихан Әбілевтің «Алыптың ақ батасы», Әуелбек Қоңыратбаевтың «Өз аузынан естігендерім» бар.
Қадыр Мырзалиевтің «Бұлшық еті даланың» өлеңіндегі:
«Сайын далаң – өзің анаң, өз әкең,
Сол далаға тартпай туған аз екен.
Осындай ұл таба алам дегендей,
Тапқан сені қазекең», – деген шумағы кімді болса да бір тебірентіп тастайды-ау.
Сәкен Сейфуллиннің «Қажымұқан», Сырбай Мәуленовтің: «Ұл тартып туса игі енді өзіңе» өлеңдеріндегі теңестіру, сипаттама, тірі адам түгілі, өлген аруақтардың өзін бір аунатып тастайтындай.
Қажекеңнің тек білек күш иесі ғана емес екенін, оның парасатты, ойшыл, намысшыл, зейінді адам болғанын бір ғана автор (Ж.Бектұров. «Күш атасы», 248-б.) жазбайды, оны бәрі өздерінің естеліктерінде дәлелдеп келтіреді. Талиға Бекқожина «Әншілігі де бар еді» деген әңгімесінде: «Көпшіліктің сұрауы бойынша Қажекең қолына домбыра алып, қоңыр дауысымен шырқай жөнелді:
Атандым Қажымұқан бала жастан,
Ішінде империяның болдым асқан,
Кешегі Омскінің қаласында
Құлаттым қырық палуанды бір шалмастан», –
деп жазады. Бұл шумақ Қажекеңнің әншілігін, шығармашылық өнерін байқатса, «Ал қазақтың қара сөзін мақалдап, мәтелдеп сөйлегенін, соның үлгісін мен Қажекеңнен көрдім» дей отырып, Ә.Қоңыратбаев: «Әттең, ол кісінің сөзін магнитофон лентасына да түсіре алмаппыз», – деп өкінішін білдіреді.
Объяснение: