aliyaulanova1
26.04.2023 10:26

2. Әңгімедегі кейіпкерді сипаттаңыз кейіпкердің есімі
әдеби портреті
оның іс-әрекеттері

Со жылы кездескен адамдардың ішінде, менің сәбилік есімде апам да, жездем де, басқалар да сақталмаған. Тек қана елесі сақталған жалғыз адам – саятшы Ораз. Кейін ол адамның түр-тұлғасын,кескін-кейпін айқын танып, қызыға қарап жүрдім. Бүркіт салып, аң аулайтын. Атқанын я ілдіргенін адамдарға үлестіретін. Орта бойлы, кең маңдайлы, арқасынан шиті мылтығы түспейтін адам еді – ол...
Оның үш мергендігі елдің есінде ерекше сақталған. Бір жазда, ел жайлауда отырғанда той болады. Тойға жиналған жұрт аспанның биігіне шығып ап, бір бозторғайды қуып жүрген тұрымтайды көреді. Тұрымтай бозторғайды әлденеше рет шалып, іле алмайды, тұрымтай шалған сайын бозторғай биіктеп ұша береді. Аздан кейін бозторғайдың екпіні бәсеңдеп, тұрымтайдың екпіні күшейе бастағанын көреді жұрт. «Апырай, енді шалады-ау бейшараны!..» - деп аяған жұрт шуласа бастаған кезде жиынның арасынан мылтықтың дауысы гүрс ете қалады. Со кезде торғайды ілгелі жүрген биіктегі тұрымтай төмен қарай құлдырай құлайды.
Жұрт: «Не болды бұған?» - деп таңданса, тұрымтайды атып түсірген – Ораз екен.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
leralerav
20.01.2021 14:47

Қызыл кітап[1]-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.


A.

сапсан.

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады

0,0(0 оценок)
Ответ:
Nematzoda1999
31.08.2022 03:11
Жауынгер аға

Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.

Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.

Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.

Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота