alenavasipenok
21.07.2022 14:06

4-5- сұрақ бірнеше жауабы бар тест тапсырмалары 4. Салалас құрмалас сөйлемдер[2]
A)Эйфель мұнарасы адамдардың жүрегін жаулап алды және оны қазір барлығы біледі.
B) Әр адамның жеке бас бостандығы заңмен қорғалады, тікелей мемлекеттің қарауында болады.
C) Бірақ оның құрылысы басталғанда, француздардың көбі жақтырмай, сын айтқан.
D) Себебі мемлекет дегеніміздің өзі халықтан тұрады.
E) Бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқанымыз Елбасымыздың кемел саясаты мен заңдардың жүйелігінің арқасында.
F) Меніңше, Астанадағы «Нұр Әлем» сферасы да танымал ғимарат атануы әбден мүмкін.
G)Ұзақ жылдар бойы сіздің ел осы көрме арқылы өз жетістіктерін таныстырып келеді.
H) Астанадағы «Нұр Әлем» сферасы сол сияқты бүкіл әлем танитын көрікті ғимаратқа айналуы мүмкін бе?
5. Ыңғайлас мәнді салалас құрмалас сөйлем[2]
A)Өз құқығымызды білетін, бізді қорғаушы күштің бар екенін білетін мемлекетте өмір сүріп жатқан бақытты халықтың бірі.
B) Адам құқықтары мен бостандықтары- жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, бекіткен.
C)Иә, біздің осындай шараларға қатысу, оларды ұйымдастыру бойынша тәжірибеміз мол екені рас.
D) Эйфель мұнарасы адамдардың жүрегін жаулап алды және оны қазір барлығы біледі.
E) Мен қазақстандық көрме халықаралық стандарттарға толықтай сай деп айта аламын.
F) 130-дан аса ұлт өкілдерімен бір шаңырақтың астында, бір үйдің баласындай.
G)Әр адамның жеке бас бостандығы заңмен қорғалады, тікелей мемлекеттің қарауында болады.
H) Әр адамның жеке бас бостандығы заңмен қорғалатын, тікелей мемлекеттің қарауында болатыны анық.
көмектесінжерші

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Вкуснаяводичка
09.09.2022 19:03
1.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани-геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.
2. Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов - Cарыбай).
3. Алюминий біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналғанына көз жеткізу үшін айналаға зер салып қарап шығу жеткілікті. Мүмкін, сіз бұл мәтінді алюминийден жасалған құрылғыдан оқып отырған боларсыз. Планшеттер мен жалпақ панельді теледидарлар, спорттық жабдықтар мен жиһаздар, айналар мен кофеқайнатқыштар - осы және басқа да көптеген тауарлар алюминийден жасалған.
Смартфондар, планшеттер, ноутбуктер, жалпақ панельді теледидарлар, мониторлар және басқа да жабдық өндірушілер алюминийді көбірек қолданады. Әдемілік пен қолайлылық бұл салада алюминийдің танымал болуының кепілі болып табылады. Алюминий корпусты құрылғылар сәнді әрі сенімді көрінеді, сонымен қатар жеңіл әрі берік болады.
Алюминий сонымен қатар жиһаз және интерьер заттарын өндіруде жиі қолданылады. Үстелдер, орындықтар, перделер, суретке арналған жақтаулар, шамдар, декоративті қабырға панельдері, кондиционерлер мен радиаторлардың барлығы алюминийден жасалған.
Ал ас үйді алюминийсіз елестету мүмкін емес. Біз тек тұрмыстық техниканың корпустары туралы ғана емес, сонымен қатар заманауи, технологиялық, қауіпсіз және әдемі ыдыс-аяқтар - кәстрөлдер мен пісіруге арналған ыдыстар, ет тартқыштар жайлы айтып тұрмыз.
0,0(0 оценок)
Ответ:
PolinaSukova2
08.05.2022 21:41

Александр Сергеевич Пушкин (6 маусым 1799, Мәскеу, Ресей — 10 ақпан 1837, Санкт-Петербург, Ресей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы.  

Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, өркендетуіне мүмкіндік берді. Александр Сергеевич Пушкиннің шығармашылығы бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу кезеңін аяқтады.  

Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Ол дворян отбасында туылып, балалық шағын Мәскеуде өткізген.  

12 жасынан Царское селода (қазіргі Пушкин қаласы) лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. Лицейді аяқтаған соң Петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты.

А. С. Пушкин Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде (1833) қазақтың лиро-эпостық жыры «Қозы-Көрпеш — Баян сұлуды» жаздырып алып, осы тақырыпта шығарма жазуды жоспарлады. Құран сүрелерін өлеңмен жырлады.  

Пушкин сан алуан жанрлық түрлерді еркін меңгерді. Әр қилы лирика өлең, поэма, әңгіме, повесть, тарихи роман, өлеңмен жазылған роман, ұсақ та, кесек те драмалық шығарма - міне, осылардың қайсысын қолға алса да, ол үлкен көркемдік шеберлік танытты. Сол дәуірдегі орыс әдебиетінің Пушкин араласпаған, ол қол тигізбеген, үлкен ықпал жасамаған, елеулі із қалдырмаған бірде-бір саласы болған жоқ. Осынша қыруар еңбегін ол небәрі 20 жылдай уақыт ішінде атқарып шықты.  

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота