
1-тақырып - '' Уақыт ''
Уақыт - ол сенің өтіп бара жатқан өмірің. Сен өз уақытыңды өзің алып, өзіңе жамандық жасап жатсың. Уақытты құр босқа кетірмеу керек. Себебі бос уақыт ол - сенің болашағыңның жоқ болуы, білімсіздік және т. б. Уақытты үнемді пайдаланған адам ол онда нағыз болашағы бар адам. Ол адам бос уақытында өзінің өміріне керекті затты жасап, жоспарлап жүреді. Басқа адамдар сияқты бостан босқа жата бермейді. Адам бос жатпай, пайдалы істерді жасау керек. Кейбір адамдар үйінде дым істеместен өз уақытын өзі алып ұйықтап жатады. Ол дұрыс емес! Уақыт ол -адамға ауадай қажет нәрсе болып саналады. Бос жатқанша адамдарға көмек тесіп, жануарларға көмек тесіп деген сияқты жұмыстар жасау керек. Уақытты жақсы, өз бабымен құртқан адам ол-ең сауатты адам! Сондықтан уақытты үнемдеп жұмсау керек.