СтилРайдер
07.02.2022 03:18

Табу создерди катыстырып 5 сэйлем карастырыптабу создерди белгиле.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
venqa228
12.05.2023 08:04
Тіл - ұлттық категория. Тілсіз - ұлтты, ұлтсыз - тілді айқындау мүмкін емес. Ал қазақ ұлтының тілі - қазақ тілі. Ендеше, Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында атап өткендей «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде».

Әр ұлт өзінің тарихын, салтын және ана тілін мақтан тұтады. Дегенмен де, біздің мемлекетімізде өкінішке орай өз тілін білмейтін және білем деп үйренуге талпынбайтындардың бар екендігі және олардың жауапты мемлекеттік лауазымдарда әлі де билік тұтқасын ұстап отырғандығы алаңдатумен келеді. Өйткені ана тілін білмейтін адам ана тілін көктете де алмайды ғой. Ал біз, қазақ елі, бәскекеге қабілетті елдер санатынан ұлтық ерекшелігіміз қазақ тілі арқылы ғана орын ала аламыз.
0,0(0 оценок)
Ответ:
kot289
02.03.2022 07:17

Ана тілі туралы қазақша шығарма


Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.

Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.

О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде...

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота