Ислам дініміз жасы үлкен кісілерді сыйлауды, тіпті ол кісінің біздің жасымыздан бір күн үлкен болса да оны құрметтеуді өсиет етеді. Сол сияқты да кішігі де ізет етуге шақырады. Үлкенді құрметтеу ислам дінінің негізі болып табылады. Сондықтан кішкентай балаларды кішкентай жасынан бастап үлкендерді құрметтеуді, яғни үлкендермен көркем қарым-қатынаста болуды үйрету керек. Бұған байланысты Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) өмірінен көруге болады. Мекке азат етілгенде Әбу Бәкірдың (Оған Алла разы болсын) әкесі ислам дінін қабылдайды. Бұл кісі өзінің ислам дінін қабылдағанын жариялау үшін, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) келуге ниет етеді
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.