ElizabethFoxEl
18.10.2022 15:41

1.Мәтінге ат қой. /1.Поместите имя в текст. "Мәңгілік ел" қақпасы – әлемдегі санаулы қалаларға тән ерекше сәулеттік-монументалды туынды.
Сәулет нысанының биіктігі – 20 метр. Бұл – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының белгісі.
Әрбір қабырғаның төменгі табанында биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Композициялық тұрғыда бұл барельефтер нысанның төменгі жағында орналасқан.
Қақпаның сол жақ қапталында «Ақсақал» мүсіні орнатылған. Бұл – халықтың ойы мен рухани өлшемінің көрінісі, даналықтың символы. Санаға сіңген осынау дәстүрлі бейне «даналық», «данышпан», «ғұлама» сынды қазақ халқына тән ұлы ұғымдармен астасады. Оның қазақы ерекшелігін ұлттық киімінен аңғаруға болады.
Қақпаның сол жақ қапталында от иесі – «Әйел-Ананың» рельефті мүсіні орнатылған. Ана бейнесі қазақ ұлты үшін «Отан-Ана», «Жер-Ана», «ана тілі» сынды киелі ұлттық ұғымдарына ұласады. Олай болса, ана бейнесі арқылы адамның дүниеге келуі, туған жер мен Отан туралы идеологемма айқын көрініс табады.
Мүсіндердің әрқайсысының астында қазақтың «Мәңгілік» дара таңбасы орын тепсе, әр мүсіннің жоғарғы жағында Елтаңба орналасқан. Сыртқы бөліктің жоғарғы жағында «Мәңгілік ел» жазуы бар. Ол – мемлекет пен ұлттың уақытқа тәуелсіз киелі қорғаны.
Сондай-ақ қабырғалары қазақтың күрделі ұлттық өрнектерімен безендіріліп, ортасына қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі – қалқан орналасқан. Қалқан – қауіп-қатердің қорғаны, сенімділік, тұрақтылық, жеңістің белгісі. Нысанның екі жағындағы «Тай қазан» мүсіні өзіндік орындармен ерекшеленеді. «Тай қазан» тыныштық пен тоқшылықтың, бірегей көңіл мен қонақжай пейілдің терең ұғымын білдіреді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:

Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ангел23324556
27.03.2022 00:27

Бүгінде дін атын жамылған үлкенді-кішілі келеңсіздіктер қалың жұртшылықты алаңдатып отыр. Бұл тұста діндегі шектен шығушылықты айта кеткен абзал. Баланың қиянатшыл һәм қатігез болып өсуіне құдайсыздық қалай әсер етсе, әсіре діншілдік тәрбие де солай әсер етеді. Неге десеңіз, екеуі де сағат маятнигінің қос шеткі нүктесі сияқты бек шетін жол.

Қиянатшылдық–өзімшіл менмендіктен, яғни «менікі жөн, өзгенікі бұрыс» деген ойдан туады. Біз ғана «тура жолдамыз» дейтін діні, жүрегі қатты тәкфирші ағымның өкілдері соның мысалы. Олар атеистер тұрмақ, намазы жоқтарды кісі құрлы көрмейді. Өз заманында Абай, Шәкәрім «Адамды сүю» гуманистік идеясын берік ұстанды. Хакім Абай 38-сөзінде қиянатшыл жандарға «жарым адам», «жарым мұсылман» деген «диагнозын» қояды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота