«Дос – ажарың, жолдас – базарың» дейтін қазақта жақсы сөз бар. Дос – кез келген а ң қасынан табылатын, қиындықта да, қуанышта да бірге болатын жан жолдас, сенімді серік. Дегенмен бүгінде «дос деп жүргенім дұшпан болып шықты» деген секілді сөздерді жиі естиіміз. Бір сөзбен айтқан кезде сатқындық жасау. Дос сатып кетпеу үшін, досың саған адал болу үшін қандай әрекет жасау керек, нағыз дос деген қандай болу керек?
Қандай жағдай болмасын нағыз достың ең бірінші міндеті сырласың болу керек. Себебі сыр а ң ішінде жатқан қуанышқа да қайғыға да толы сәттері. Ал оны кез келген адаммен бөлісе беруге болмайды. Санаулы адамдардың өзімен бөліспеген дұрыс. Өйткені оның сақталып қалатынына сенімді емессіз. Ал нағыз достың ерекшелігі сізбен сырласып қана қоймай, соны түсіну керек және ішінде сақтай білу абзал. Сырды сақтау өте қиын нәрсе. «Өзіңнің ішіңе сыймаған сыр біреудің ішіне сия ма» дейтін де сөз бар. Егер сіздің ішіңізге сыймаған дүниені өз ішіне сақтай алған адам – нағыз досыңыз.
Объяснение:
мен осылай жаздым
Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын. Н.Ә. Назарбаев, Елбасы- тәуелсіздік, еркіндік, теңдік, бостандық. Бұл сөздер біз үшін жай ғана сөздер емес, әр қазақтың жүрегінде ерекше орын алатын, талай тарихымызды еске түсіретін, қаншама ғасырлар, жылдар бойғы қазақтың аңсаған, армандаған сөздері еді. Міне, қазір біз ол сөздерді еш қымсынбай айтатын дәрежеге жеттік. «Тәуелсіздік» деген құлаққа жағымды ұғымды естігенде, жүрегіңе бір мұңды оқиғалар мен қазақтай ұлы халықтың аянышты тағдыры, ұлы батырлары мен ер жүрек ұлдары, ардагерлер, қиыншылықты көп көрген дана қарттары еріксіз еске түседі. Ол кездерде балалардың балалық шақтары біз сияқты сыңғырлаған алаңсыз тәтті күлкімен емес, ата – анасынан айырылып зарлап жылаған бала үндерімен, балалардың далада асыр салып ойнауымен емес,қай жақтан жау келер екен деп жалтақтаумен өткен еді. Қазақ халқы талай қиыншылықтар мен қан майдандарды басынан өткеріп, талай рет тұтастай қырылып кете жаздаған еді.Дегенмен Халықтың тәуелсіздікке деген құштарлығы олардың кері шегінуіне жол бермеді. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз еліміздің тұғырлы биіктерін енді біз бағындыратын боламыз. Қастерлі Тәуелсіздігіміздің қадірін білейік!
Мен өз еліммен мақтан етемін!