ЗдаровАаА
06.05.2021 11:09

Берілген мәтіндерді оқып, тақырыбы, мақсаты, аудиториясы, стилін салыстырыныныз А мәтіні

Музыкалық аспаптардың шығу тегін, дамуын, құрылыс-құрылымын, жасалуын, дыбыстық ерекшелігін, әуендік-әуездік мүмкіндігін, қызметін, мақсатын, мән-маңызын зерттейтін ғылым саласы аспаптану деп аталатыны мәлім. Ол сондай-ақ музыкалық аспаптарды тану барысында белгілі бір ұлттың эстетикалық талғам-танымының даму динамикасын, рухани өресінің ауқымын, музыка ілімінің бағыт-бағдарын да саралайды; бір халықтың музыкалық аспаптарының басқа халықтар музыкалық аспаптарымен байланысын да қарастырады. Біз бұл мақаламызда әл-Фараби негізін қалаған аспаптану ілімінің сабақтастығына шолу жасап өтеміз.

Ғылыми танымның адамзаттық кеңістігендегі қазақ ұлттық музыкалық аспаптану ғылымы дегенде алдымен әл-Фарабидің есімі аталады. Әбу-Насыр әл-Фараби – тегі түрк, қазақ топырағында дүниеге келген тұлға. Мұралары адамзатқа ортақ екендігін мақтанышпен айта отырып, туған жері, шыққан тегіне қарап біз оны өз туысымызға балаймыз да оның мұраларына ие болатын мұрагер екендігімізді үлкен жауапкершілікпен сезінеміз. Әл-Фарабидің бізге қалдырған аса құнды мұрасы – «Музыка туралы үлкен кітабы». Онда музыкатану, оның ішінде музыкалық аспаптану ғылымының да негізін қалайды.

Оның бұл саладағы ұлы еңбегін алдымен Шығыс, одан кейін Батыс елдері ғалымдары ғасырлар бойы ойына ұстын, тіліне тиек етіп келеді. Фарабиден кейін де музыкалық аспаптану басқа ғалымдар тарапынан да сабақтастық тапқан еді.

С.МЕДЕУБЕКҰЛЫ, «Ана тілі» газеті

 

Ә мәтіні

Шыңғыс ханның баласы Жошы құлан аулап, снөкерлерінен ұзап кеткенін сезбей қалады. Ханзада құландарды еш аяусыз өткір жебемен дәл көздеп құлата береді. Құландардың ішінде өзі аяқсақ, қасқырдан да тайсалмайтын өжет айғыры кенет жалт бұрылып, аңшыға қарсы ұмтылады. Ақсақ құлан шабуылының жойқын болғаны сондай, Жошы атынан ұшып түсіп, сол бойда мойыны үзіліп, жан тәсілім етеді...

Нөкерлерінің Ұлы ханға Жошының өлімін естіртуге жүректері дауаламайды. Көне ғұрып бойынша жаман хабар әкелген адамды өлімге бұйыратын. Сол кезде даланың Ұлы жыршысы қарт Кетбұға қайыңнан домбыра шауып, ішек тағып, Ұлы ханның сарайына келе, алтын тақтың алдына тізерлей құлайды. Өзіне абыз карттың жақсылықпен келмегенін сезген әмірші түнерген жүзбен: «Уа, Ұлы жырау, не датың бар?»- деп сұрайды. Бірақ Кетбұға тіл қатпастан, домбырасымен бір қайғылы әуенді тарта жөнеледі. Бұл күйдің сиқырлы дыбыстарынан Ұлы ханның көз алдына жас ханзада Жошының аңға шыққаны, оған құлан үйірінің кездескені һәм ханзаданың аң аулап еліккені елестеп, тізіліп өткендей болады...

Қарт жыршы зарлы күйін аяқтайды. Бірақ Ұлы хан да, басқалар да күй тілінен болған окиғаның бәрін түсінеді: домбыра шапқан аттардың дүбірін де, өз үйірін қорғаған ақсақ құланның ақылы мен қайратын да жеткізіп айтты. Әсіресе, ақсақ құланның ханзадаға қарсы шапқан тұсын зарлата қайырды...

Хан үн-түнсіз ұзақ отырды. Ақыры, Ұлы хан тіл қатты: «Сен маған ұлымның қазасы жайында қаралы хабар әкелдің. Домбыраңның күйін тыңдап, бәрін ұқтым. Мұндай хабар үшін өлім жазасына лайықтысың. Бірақ өзің бір ауыз тіл қатпағандықтан, жазаны домбыраң тартсын. Оның сағағына қорғасын құйыңдар!»- депті. Осылайша , қаралы хабар үшін ешбір адам зардап шекпепті, тек домбыраның көмейіне балқыған ыстық қорғасын құйылады. Сол кезден бері домбыраның шанағында тілік тесік пайда болыпты. «Ақсақ құлан - Жошы хан» күйі осылай туыпты-мыс.

Халық аңызы

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
NikitaZdanovich
24.01.2022 17:14
«Гүл өссе — жердің көркі» дейді қазақ. А әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. «Өмірдің гүлі», «гүлдей жайна», «гүлдей бер» секілді сөз тіркестері де соның дәлелі. Яғни гүл — әдемілік өлшемінің шыңы. Мейірімділік, махаббат, қуаныш, ілтипат секілді сезімдерді жеткізуде гүлдің алар орны ерекше. Өйткені оны анаға, ұстазға, аруларға да сыйлай беруге болады. Барлық мерекенің сәні мен салтанатын кіргізетіндіктен гүлге деген сұраныс қашан да толастамаған. Бұл жаратылыс өз кезегінде, жігіттер қауымының жұмысын біраз жеңілдеткен. Олар сыйлық таңдап, әуреге түспей, гүлмен-ақ қыз жүрегін баурай алады. Ал гүл — нәзік жандылардың осал тұсы. Бір құшақ гүлдің өзі қыз атаулының барлығын көктемдей құлпыртып жіберетіні бесенеден белгілі.Сондықтан гүлді дүрыстап баптау керек
0,0(0 оценок)
Ответ:
video252
19.11.2020 11:51
Абай қазақ халқынан шыққан ұлы ойшыл, ғұлама, дана әрі ақын. Абай күллі Шығыстың шоқтығы биік тұлғасы. Қазақ халқының рухани көзі- Абайдың мұрасы мол.Соның ішінде ең ой толғандыратыны "Қара сөздері".Абай өзінің "Қара сөздерінде" адамдыққа жатпайтын кемшіліктерден арылып, алдымен рухани өркениетке ұмтылуға, білімімізді толықтыруға сонымен қатар өз халқының ғана емес, сонымен қатар басқа халықтардың да өнері мен кәсібін үйренуге шақырады.Абайдың паймдауынша тек осылай ғана әлемнің  ең жоғары деңгейлі халықтардың деңгейіне жетуге болады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота