chepelenkosivun
02.05.2023 07:27

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін өміріндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, ақылын тыңдап, шешім таба аласың.

Басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық алдымен адамдардың бір-біріне сенуінен басталады.

Сенім артқан сайын, достық та қатаяды. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ

А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл – досыңыздың қайғысына, қуанышына ортақтаса білу. Осының бәрі адамның

табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды», - деген. Бір данышпаннан: «Дос пен
ағайынның қайсысы жақсы?» - деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы», - депті. Сол үшін
достарыңның ісі жайында ойла, қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса,
достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалады». Халықта «Алтын берген

– дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік

ететін тірек. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары көп болады, жер бетінде өзін
жалғыз сезінбейді.

Адам не себепті өзіне дос іздейді? Мәтіннен екі дәлел келтіріңіз

1)

2)​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
dfggdsddfdddf
26.08.2021 13:55

Тазалық – денсаулық негізі,

Денсаулық – байлық негізі.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

0,0(0 оценок)
Ответ:
aldyman
24.08.2021 14:56
Отбасы мүшелерінің табиғи дəрумендер мен препарат дəрумендерді қолдануы туралы сауалнама.
Мейрамбек: Ата, бүгін өзіңізді қалай сезініп тұрсыз? Қалай демалдыңыз?
Ата: Рахмет, құлыным. Бүгін тәуір болдым. Кеше дәрігер беріп кеткен дәрі – дәрмек пен дәрумендерді уақтылы қабылдап тұру керек.
Мейрамбек: Ия, ата. Денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз! Мен таңертең дәрігер жазып берген рецепт бойынша дәріханадан барлығын сатып алып келдім.
Ата: Өркенің өссін, құлыным!
Мейрамбек: Ата жалпы дәруменді қолдануға қалай қарайсыз?
Ата: Балам, мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегеніміз – жеміс – жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін қолдану керек.
Мейрамбек: Ата, ал дәріханада сатылатын дәрумендер ше, сонда оларды қабылдауға болмайды ма?
Ата: Жоқ, балам, қабылдауға болады әрине. Бірақ өз бетіңмен емес, тек дәрігердің нұсқаулығымен қабылдаған дұрыс.
Мейрамбек: Ал сіз қаншалықты жиі препарат дәрумендерді қолданасыз?
Ата: Қазір жиі қолдануға тура келеді, өзің көріп тұрғандай, денсаулығым анда – санда сыр беріп, ауырып қалатын болып жүрмін.
Мейрамбек: Олар қаншалықты жақсы әсер береді деп ойлайсыз?
Ата: Енді әжептәуір көмегі тиеді деп ойлаймын. Қабылдағаннан кейін жақсарып қаламын.
Мейрамбек: Жақсы, ата. Мен қазір дәрумен ішетін су алып келейін.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота