CatolizatoRRR
03.09.2022 02:11

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін өміріндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді.

Қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, ақылын тыңдап, шешім таба аласың.

Басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу

қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық алдымен адамдардың бір-біріне сенуінен басталады.

Сенім артқан сайын, достық та қатаяды. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ

А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз

шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет

етеді. Бұл – досыңыздың қайғысына, қуанышына ортақтаса білу. Осының бәрі адамның

табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды», - деген. Бір данышпаннан: «Дос пен

ағайынның қайсысы жақсы?» - деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы», - депті. Сол үшін

достарыңның ісі жайында ойла, қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса,

достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалады». Халықта «Алтын берген

– дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік

ететін тірек. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары көп болады, жер бетінде өзін

жалғыз сезінбейді.

Адам не себепті өзіне дос іздейді? Мәтіннен екі дәлел келтіріңіз

1)

2)


Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін өміріндегі сырын, мұң-ше

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Kryuchochek02
28.04.2022 05:57
Төл тарихымыздың жадымыздан ешқашан өшпейтін зұлмат бір кезеңі – жоңғар шапқыншылары тудырған, халқымызға алапат қырғын әкелген «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қасіретті жылдары. ел басына күн туған осынау заманда ұлт намысын аяққа таптатпауды серт еткен ерлер бес қаруын асынып, атқа қонды. атамекенімізді қасық қаны қалғанша қорғаған сол батырларымыздың есімдері қазақ тарихында мәңгілікке алтын әріппен жазылып қалды. ел-жұрты ардақтап, көзі тірісінде-ақ ерлікпен өрілген өнегелі істерін аңызға айналдырған алыптар шоғырынан әсіресе, қаракерей қабанбай, қанжығалы бөгенбай, шапырашты наурызбай батырлар тұлғалары айрықша асқақтап көрінеді. бұқар жырау «ошақтың үш бұтына» теңеген бұл үш батыр абылай ханның ту ұстаушы бас батырлары, сенімді серіктері болған. тәуба, қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресіндегі қазақ батырларының тарихи рөлі тәуелсіздігімізді алғалы бері біршама айқындалып, бүгінгі таңда зор тағылымдық мәнге ие болып келеді. осынау игі іске қал-қадерімізше үлес қосу мақсатында біз де «аңыз » журналының алдыңғы екі нөмірін қабанбай һәм бөгенбай сынды асылдарға және олармен шайқас даласында үзеңгі түйістіре қатар найза сілтескен ер замандастарына арнаған болатынбыз. ал бұл жолғы нөміріміз үшем батырдың жас жағынан кішісі болғанымен, атақ-даңқы жағынан ағаларынан еш кем түспейтін жампоз ер шапырашты наурызбай батырға, сондай-ақ наурызбаймен бірге жау қолын қазақ жерінен түре қуған ұлы жүздің жаужүрек батырларына арналып отыр. алайда, нөмірді дайындау барысында қынжылтқан жайт: наурызбай батыр туралы деректер аса көп емес екен. тарихшыларымыз негізінен, сол аз дереккөздер қатарындағы бұқар жыраудың толғауларына, қазыбек бек тауасарұлының «түп-тұқианнан өзіме шейін» деген кітабындағы мәліметтерге, шәді төре жәңгірұлының «тарихат» дастанына сүйенетінін байқадық. сондай-ақ, наурызбай батырмен жүзбе-жүз кездесіп, әңгімелескен ресей патшасының жоңғар қоңтайшысы қалдан серенге жіберген елшісі карл миллердің күнделігі де құнды дереккөзіне жатады. тарихшыларымыздың баяндау­ларын саралай отырып тағы бір байқағанымыз – осыған дейінгі зерттеулердің өзінде бірізділіктің жоқтығы. соның бір мысалы, наурызбай батырдың әкесінің аты әр жерде әртүрлі жазылады. қазыбек бек тауасарұлының кітабында наурызбай құттымбетұлы болып жазылса, «қазақстан» ұлттық энциклопедиясында наурызбай құтпанбетұлы делінген. дұрысы қайсы? бұл орайда белгілі тарихшы талас омарбеков: «біздің ойымызша, тарихи шындық наурызбайдың әрі замандасы, әрі туған әкесіндей болған қазыбек бек тауасарұлының жағында деп білеміз. олай болса, наурызбай тарихымызда құттымбетұлы болып жазылуы керек», – депті. жалпы, тарихшыларымыздың сұхбаттары мен қолда бар әдеби-тарихи деректер арқылы көз жеткізгеніміз: наурызбай – ең алдымен, батыр. бас батыр. талай ұрыста қол бастаған, қазақ жасағын жеңіске жеткізген көреген қолбасшы, шебер ұйымдастырушы. ғалым з.ғайыповтың жазғанына сүйенсек, «аңырақай» шайқасында «өрсеткен ерлігі үшін батырға ата- бері келе жатқан «соқман» лауазымы берілген. бұл лауазым жаудың іргесін ыдырата сөгуде ерекше ерлікке ие болған батырларға ғана берілген». сондай-ақ, ол – елшілік қатынастарға да араласқан мәмілегер, ел қамын, ер тағдырын ойлаған саясаткер. кей тарихшылардың айтуынша, алла тағала бабамызды тіпті әншілік, күйшілік, сазгерлік, ақындық қасиеттен де құр қалдырмаған көрінеді. сұхбаттарды оқи отырып, әсіресе, рухың еріксіз атойлап шыға келетін тұстар – наурызбай сынды азулы батырдың жоңғар батырларымен жекпе-жекте таудай алып тұлғасымен жаудың зәре-құтын алып қана қоймай, ересен күш-қайраты мен жете меңгерген айла-әдістерінің арқасында қарсыластарынан алапатын асыратын жеңісті сәттері. ұрыс даласының жекпе-жек дейтін қатал заңы бойынша тілеулес жұрты додаға үкілі үмітпен шығарып салатын, қос батыр ел намысы үшін арпалысатын осындай сын шақтарда наурызбай батыр көксүңгісін қаскелеңнің жауырынына бойлай қадаса, шамал ханды шоқпарымен бір ұрғанда-ақ жер жастандырған.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Lups
26.04.2023 01:48
Сүт – барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмуль-гацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Двитаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едеуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбумин
нен (0,4 %) және лактог
лобулиннен (0,1%) тұ-рады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұз- дары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астамфермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота