Мандаринка500
12.12.2022 04:01

Әрине, басқа мамандықтарға менің ешқандай қарсылығым жоқ. Барлық мамандықтың өз орны бар. Барлық мамандар қажет. Мен 2009 жылы мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, ЕҰУ-ға «Халықаралық қатынастар» мамандығына грантқа түстім. Бұл мамандық гуманитарлық болып саналады. Ешқандай математика, физика пәндері бағдарламада болмады. Бірақ өзім мектеп кезінен бастап математикаға бір табан жақын болатынмын. Студент болып жүргенімде оқушыларға репетитор болудан бастап, құрылыста күзетші сияқты әртүрлі жұмыстар жасауға тура келді. Студенттік өмір оңай емес, ақша табуға тура келеді.
Бір күні достарым маған: «сайт жасауға арналған Joomla деп аталатын оңай бағдарлама бар, соны үйреніп бастасаң болады», – деп кеңес берді. Сол күннен бастап осы бағдарламаны үйренуге кірістім.
Бірде достарымның бірі маған ұсыныс жасады. Өзі екі жерде жұмыс жасайды. Бір сайтын жасап үлгермей жатыр екен. Жасап берсем, 10 000 тг беремін деп уәде етті. Сол күні таңға дейін ұйықтамай, сайтын бітіріп бердім. Бұл программист ретінде менің тапқан алғашқы табысым болды. Қуанышымда шек жоқ!
Әрі қарай одан да айлығы жоғары жұмыстарда істедім. Қазірде кішігірім өзімнің сайт жасайтын студиям бар. Today.kz ақпараттық порталының IT-менеджері болып жұмыс жасаймын.
Сіз ғажайып ғарыш туралы қызықты фантастикалық шығарма оқыдыңыз. Осыдан кейін сіз бұл шығармамен басқа балалардың да танысқанын қаладыңыз. Мектеп сайтына шығарма бойынша аннотация жазыңыз

Мәтін қай стильде жазылған?
Стильдік ерекшеліктері қандай?
Мәтінде тақырыпқа қатысты қандай терминдер кездеседі?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
pomogite228plez
13.02.2021 16:09

биологияда — ағза ұлпасы құрамында болатын боялған заттар. Пигменттердің түсі күн спектрінің әр түрлі сәулесін сіңіретін хромофор тобына байланысты анықталады. Пигменттердің ағза тіршілігінде, әсіресе фотобиология процесінде маңызы зор.

хлоропласттардағы хлорофилл

Жануарлар мен өсімдіктер ағзасында порфирин, каротиноид Пигменттері көп мөлшерде кездеседі. Порфирин жасыл өсімдіктердің хлорофилл молекуласында; фотосинтезге қатысатын бактериялардың бактерио-хлорофиллдерінде; жануарлардың тыныс алу процесіне қатысты пигменттерінде (гемоглобин, миоглобин, хлорокруорин, т.б.) болады. Өсімдіктердің гүлі, жемісі, жапырағына түс беретін, химиялық құрылысы, түсі мен таралуы жөнінде бір-бірінен ерекшеленетін заттар (антоциандар, флавондар) өсімдік Пигменттерінің үлкен тобы — флавоноидтердің құрамына кіреді.

Жануарлардың көру мүшесінде құрамы күрделі көру Пигменттері бар. Пигменттер жасуша мен түрлі мүшелерде сұйық күйде болады. Адам ағзасындағы Пигменттер алмасуы бұзылуының бұзылуы ағнаны ауруға шалдықтырады. Пигменттердің өзгеріске ұшырауы тұқым қуалайды және жүре пайда болады. Пигменттер алмасуы бұзылуының жүре пайда болуы бауырдың ауруынан (гепатит, ісік, т.б.), ағзада дәруменнің жетіспеуінен, қан ауруларының асқынуынан болады.

Пигменттер химияда — пластмасса, резина, қағаз, т.б. бояуда, баспахана мен құрылыс бояуларын дайындауда қолданылатын түрлі-түске боялған химиялық қосылыстар. Пигменттер бейорганик. және органик. түрлерге бөлінеді. Бейорганикалық Пигменттер табиғи, минералды, синтетик. болып бөлінеді. Оларға: өтпелі металдардың т.б.оксидтері, тұздары, кешенді қосылыстар, түсті металдардың ұнтақтары, құймалар (қола, латунь), күйе жатады. Органикалық Пигменттер — әр түрлі химиялық құрылысты синтетик. бояғыш заттар. Олардың ішіндегі негізгілері — азопигменттер мен азолактар. Пигменттер боялған материалдың көптеген қасиеттерін (коррозияға төзімділігін, әсемділігін, т.б.) жақсартады. Пигменттерді алуда табиғи шикізатты үгіту (мысалы, темір жосасын алуда), сулы ерітінділерді химиялық тұндыру (литопон алу), т.б. әдістер қолданылады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
dima1025
13.02.2021 16:09

I бөлім

Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. Осы ауылдың балалары ойнап жүріп жаңа баланы кездестіреді. Балалар Аянмен тез достасып, Аян екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл,ақылды бала болған. Негізі ол ешкіммен төбелеспейтін бала еді. Бірақ бір күні Есікбай Аянға өзі тиісіп, төбелесе бастады. Бәрібір соңында Аян барлық күшін жинап, жеңді. Аян мектепте де өзінің зеректілігін бірінші күннен бастап көрсетеді. Ол ең бірінші хат танып, балаларға көмектескен. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды.

II бөлім

Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылдырған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін өткізуге болмайды. Ол күнде бір ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып береді. Оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, оның ертегісін тыңдаған балалар ертегіге кіріп кетеді. Бұл кезде олар соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.

III бөлім

Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, бірде өзін мүлде танымай қаласың. Ол көп ойынға араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл- күйі өте жақсы еді. Одан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.

IV бөлім

Бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін бастайды. Ертегісі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей?!» деп әзілдейді. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Бұл – көктем кезі еді. Сонда Аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. Кейін Аянды балалар үйіне жібереді. Аян халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп кетеді.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота