
Бірнеше күн бұрын кітапханадан Ғабит Мүсірепов ағамыздың «Тұтқын қыз» кітабын алып едім, кітаптың соңғы беттерінде "Қойын дәптерден" деп көптеген ой пікірлерін жазыпты.
Кітапты 1993-жылы Алматыда «Балауса» ба жарыққа шығарыпты.
Мен өзіме ұнаған бірнешеуін ғана теріп жаздым:
Қиратуға құмарлық — жаңаны жасауға құмарлығы.
"Қисық таяқтың көлеңкесі түзу болмайды", «Жыртық қапқа тары тұрмайды» (Монғол мақалы)
Жастар туралы «Жас орман» деген роман жазса дұрыс болар еді. Осы екеуінің арасында талай ұқсастық бар.
Өлең өндірісін қойып, шын мағынада поэзия жаз дер едім.
Езу тартқаны қасірет белгісіндей көрінетін адамды бүгін көрдім.
Көркем әдебиет деген ең әуелі жанды сөз, тек қана сыртқы емес, ішкі сөз. Адам жанын қозғай алар құдыреті болмаса, төрт аяғын тең басқан өлеңнен де, сағымдай құлпырған қара сөзден де пайда жоқ. Көркем сөздің сұлулығы сағымдай құлпырмасын, өзендей толқысын.
«Ойлау мен орындау — көркем өнердің екі беті». (Бальзак).
"Әйел үшін ақша төгу — не алғашқы қызық дәәуірінде, не енді арана сайтақ кіре бастаған кезде..." (Бальзак)
Заң әрі тар, әрі тапал есік сияқты болса, амалсыз басыңды иіп өтесің; заң даналығы мен ұлықтығына таң қаларлық болса, еркіңмен, құрметпен басыңды иесің. Тар еіс сияқты заңнан басын имей өтушілер болса, онда ол адам тапалдың да тапалы, қурайдың да қурайы болғаны; Ұлы заңға бас имеушілер болса, не соқыр, не ақымақ болғаны.
Байы мен қатыны ұрысқанда әйелдің даусы қаттырақ шықса, айып қатында болғаны, еркегінің даусы қаттырақ шықса айыпты сол. Әсіресе еркек даусы қаттырақ шықса — дауды «жеңіп» тоқтатқысы келгені. «Жеңістің» бір түрі осындай болады.
Ең ауыр майдан — надандықпен күресу майданы: әрі ұзақ, әрі ызасы көп.
Айтқын келген ойын мен айтқан ойыңнын арасында айырма бар, айтқын келген ойың мен қалай айтқаның арасында да сол айырма.
Құс жоғары ұшқанымен ойы жоғары емес, әрине.
Әйелдің ақылы — көркінде, еркектің көркі — ақылында.
Махаббат, достық, бауырмалдық адамның бір ең асылы.
Сері адам өсекке мән бермейді
Әйел шыныменде жылап алса, ажарланып кетеді, көңілінде түйнек болып тұрған бір тасты көз жасымен жуып тастағандай.
Біреу үшін қылмыс, біреу үшін ерлік саналады емес пе?
Ойлау деген ойыншық емес.
Көбіктің көленкесіндей қана елес беретін ойлар болады. Әне, соны аңғара біл!
Балалар тәрбиесін үлкендерден бастау керек.
Ахиллестің Найзасы жаралай да, жараны жаза да біледі.
Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау болады.
Оқымыстылық мансап үшін киілетін тәжі де емес, сауын сиыр да емес (Толстой).
Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.