qwertyzored
22.05.2021 09:06

I . Тыңдалым Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Спорт - денсаулық кепілі
Әрбір адам спортпен айналысу керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды және көңіл күйі көтеріңкі болады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген.
Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Мен күнде таңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын. Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Денсаулық - зор байлық. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.

1. Мәтін бойынша 6 сұрақ жазыңыздар, оларға жауап беріңіздер.

2.” Спорт - денсаулық кепілі”
Диалог құрап жаз

II. Жазылым
Эссе. Еңбек етсең ерінбей ( 12сөйлем )

СДЕЛАЙТЕ СОЧ ДАМ

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Алиса345780
02.09.2022 05:05

Үш тілде мақал – мәтелдер:

1. Жігіттің түсіне қарама, ісіне қара.

Видна птица по полету.

A bird may be known by its song.

*  *  *  *  *  *  *

2. Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.

За двумя зайцами погонишься, ни одного не поймаешь.

All covet, all lose.

*  *  *  *  *  *  *

3. Кісінің шырайына қарама, райына қара.

Снаружи – глянец, внутри – мерзавец.

A fair face may hide a foul heart.

*  *  *  *  *  *  *

4. Қауын пәлегінен ұзамайды.

Яблоко от яблони недалеко падает.

As the tree, so the fruit.

*  *  *  *  *  *  *

5. Тілі қатты, көңілі қатты.

На языке мед, а под языком лед.

A honey tongue, a heart of gall.

*  *  *  *  *  *  *

6. Кісіні сөзінен емес, ісінен таны.

Не по словам судят, а по делам.

Actions speak louder than words.

*  *  *  *  *  *  *

7. Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді.

У хорошей жены и плохой муж будет молодцом.

A good wife makes a good husband.

*  *  *  *  *  *  *

8. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.

Не имей сто рублей, а имей сто друзей.

A friend in court is better than a penny.

*  *  *  *  *  *  *

9. Дос басыңа іс түскенде танылады.

Друг познается в беде.

A friend in need is a friend indeed.

*  *  *  *  *  *  *

10. Ойнақтаған бота от басады.

Кому на месте не сидится, тот добра не наживет.

A rolling stone gathers no moss.

0,0(0 оценок)
Ответ:
danilukm548p09te8
10.04.2021 13:29

Қыстырма сөздерді қатыстырып, асық тақырыбына әңгіме құрау.

Әрине, әрбір мектеп оқушысы жазғы демалысын асыға күтеді. Менің ойымша, оның өзіндік себебі де бар – күні бойы алаңсыз аулада достармен ойнау. Сонымен, жазғы демалыс та басталып кетті. Біздің ауланың ер балалары топтасып, асық ойнағанды жақсы көреміз. Меніңше, бұл ұлттық ойынды әрбір қазақ баласы ұнатады. Демалыстың кезекті күні Самат, Еркебұлан, Аспандияр және мен асық ойнамақшы болдық. Ауланың ортасында төртбұрыш сызып, бір жағына асықтарды тізіп қойдық. Әрқайсымыз екі асықтан шығаратын болып келістік. Біздің ауламыздың ойын ережелері бойынша кімнің сақасы табанмен түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Сөйтіп, кім бірінші бастайды деп тұрғанда, Аспандияр екеуміздің сақамыз табандап түсіп, екеуміз тағы да асық аттық. Қысқасы, менің жолым болып, мен бірінші жүріске ие болдым. Уақыттың қалай зулап өткенін де байқамай қалыппыз, сірә, ойынның қызығына кіріп кеткенбіз ғой. Бір атқанда асығымыз алшысынан түсіп жатса, енді келесі жүрісіміз сәтсіз аяқталып жатты. Сөз жоқ, өте тартысты ойын болды. Дегенмен, осы жолы Еркебұланның жолы болып, тігілген асықтардың барлығын қанжығасына байлады. Түскі асымызды ішіп алып, тағы да ойнауға келісіп, үйімізге тарадық.


Қыстырма сөздерді пайдаланып, суретпен әңгіме құра арғарай жалғасы
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота