
Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: 1) қаратпа сөздер; 2) қыстырма сөздер; 3) одағай сөздер.
Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.
Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Балалар, бұл жол басы даналыққа. Аягөз, қайда барасың? Туған жер, тауыңда туып, тасыңда өстім!
Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Атқа қонайық, жігіттер, аттанатын да уақыт болыпты.
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы: Түнде жыламас болар, қарағым.
Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Шығыс ұлы! Өткен жылы бастан кешірген ауыр күндерді есіңе алшы.
Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші, Шығыс ұлы!
Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:
1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т. б.
2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.
3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т. б.
4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т. б.
5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т. б.
Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:
-сөйлем басында келсе, одан кейін;
-сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;
-сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.
Мысалы: Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.
Объяснение:
1. Реттік сан есімді белгілеңіз
А) Тоғызыншы
2. Көмекші есімдер қатысқан қатарды табыңыз
С) Үйдің жаны
3. Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз D) қып-қызыл
4. Сұраққа толық жауапты белгілеңіз. Уақыт дегеніміз не?
D) Уақыт-біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі
5. Бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз. Отан басталады.
B) отбасынан
6. Сөйлемді толықтырыңыз. Денсаулық -
A) зор байлық
7. Б.з.д ІІ ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген сауда жолы
C) Ұлы Жібек жолы
8.Салыстырмалы шырайда тұрған сын есімді табыңыз
Е) қаттырақ
9. Берілген сөйлемдегі одағайдың түрін анықтаңыз Бәрекелді! Отырар туралы ақпаратты толық оқып шықты.
D) көңіл-күй одағайы
10. Сөйлемдегі бос орындарға тиісті үстеулерді қойыңыз. Компьютер алдында отырған адамның денсаулығы да нашарлай түседі.
D) ұзақ
11. «Мен жастарға сенемін» өлеңінің авторын табыңыз
Е) М.Жұмабаев
12. Лексикалық мағынасынан айырыла бастаған, сөйлемде зат есімдермен тіркесіп қолданылатын сөздер қалай аталады?
А) Көмекші есімдер
13.Затты, нәрсені құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын екінші бір нәрсемен салыстыру арқылы көрсететін көркемдік ұғым
Е) Теңеу
14. «Күшті» сөзінің синонимін табыңыз.
D) Мықты
15. Сөйлемнен сан есімді көрсетіңіз. Біз екі-екіден бөліндік.
B) Екі-екіден
16. Бауыржан Момышұлы кім? А) халық қаһарманы, көрнекті жазушы
17. Одағай сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
В) Әттең, үлгере алмадым!
18. Күшейтпелі шырайы бар сөйлемді көрсетіңіз.
В) Сап-салқын суды тоқтамастан сіміріп салды.
19. Көмекші есім қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
Д) Аурухананың жанынан үлкен дәріхана салынып жатыр.
20.Көп нүктенiң орнына қажеттi одағайды қойыңыз. ! Қайырхан өз елін сатпағанда не болушы еді?
D) Шіркін!