Концерт (нем. konzert, итал. concerto, сөзбе-сөз келісу, лат. concerto – бәсекеге түсемін) – 1) алдын ала арнайы жасалған бағдарлама бойынша музыкалық, әдеби-хореографиялық және сахналықшығармаларды көпшілік алдында орындау; 2) жеке музыкалық аспап (кейде 2 – 3 жетекші музыкалық аспап) пеноркестр үшін сонаталық циклді формада жазылған музыкалық шығарма. Жеке орындаушы мен оркестрдің өзара жарысын көрсете отырып, оларды салыстыру Концерттің негізгі мақсаты болып табылады. Концерт 3 бөлімнен (1-бөлімі өте жылдам; 2-бөлімі лирикалық, байсалды; 3-бөлімі рондо формасында) тұрады. Әдетте, Концерттің 1-бөлімі аяқталар алдында (жетекші аспаптың оркестр сүйемелінсіз) импровизациялықсипатта асқан шеберлікпен солоорындалады. Концерттің 2, 4 кейде 5 бөлімді түрлері де кездеседі. Жеке аспап пен оркестрге арналған 3 бөлімді циклдік Концертті алғаш жазған итальянкомпозиторы А.Вивальди (1678 ж. ш. – 1741) болса, одан кейін И.С. Бах скрипка,клавир үшін Концерттер жазды.
Қазақстанның Қызыл кітабына жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың сирек кездесетін және құрып кету алдындағы түрлерінің тізімі топтастырылған. Бұл кітапқа омыртқалылардың 128 түрі енгізілген, оларды іштей жіктейтін болсақ – балықтар мен дөңгелекауыздылардың 18 түрі, қосмекенділердің үш түрі, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрі, құстардың – 57, сүтқоректілердің – 40 түрі. Жойылып кету қаупі бар деп саналатын қосмекенділердің ішінде Жетісу бақатісі, Данатин бақасы және Сібір бақасы бар. Ал бауырымен жорғалаушыларға келсек, олар – ала батбат (кесіртке), Зайсан кесірткесі, сұр кесіртке, бақырашкөз кесіртке, қызыл жолақты жылан, сары жылан, сары бауыр жылан, төртжолақты жылан, шұбар жылан.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку