famin19810
06.06.2023 16:34

138 бет 4 тапсырма Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз.
-тапсырма. Тыңда.
Мәтінді оқы.
Қазақстанда Құралай Нұрқаділова, Берік Ысмайылов, Айгүл Қасымова, Аида
Қауменова, Камила Құрбани, Мая Қуандықова және т.б. заманауи сәнгерлер киім
кию үлгісін жасайды. Олар Қазақстандағы сән өнерінің дамуына зор үлес қосты. Түрлі
сәндік үлгілердегі киімдерді ойлап тауып, халыққа ұсынды. Бұл сәнгерлердің қолынан
шыққан сәнді киімдерді көбінесе сахнада жүрген өнер адамдары киеді. Сәнгерлер өнер
адамдарының сұранысы бойынша арнайы киім үлгілерін дайындайды.
Қазір сәнді киімдерді тігумен айналысатын аттары елімізге танымал «Сымбат»,
«Ерке-Нұр», «Фортуна», «Сара», «Нұр әсем», «Роза», «Дэва» сияқты сән ательелері бар.
«Сымбат» сән академиясы 1947 жылы тігін зертханасы болып құрылған. Қазір әлемге
танымал холдингке айналды. 1972 жылы Қазақстан мамандарының сән үлгілері алғаш
рет шетелге шығарылды. Шетелдегі сән майталмандарының сынынан өтті. 1988 жылы
«Сымбат» сән үйі «Золотая лента» бас жүлдесіне ие болды. Ол Қазақстандағы «Must
industries» (АҚШ Нью-Йорк) секілді танымал компаниялар үшін аты әлемге әйгілі
«Chico's», «White and black», «Victoria secrets» атты сауда маркаларымен киім үлгілерінің
айрықша дизайнін жасап шығарады. Компанияның топтамалары халықаралық
подиумдарда жылына екі рет көрсетіліп тұрады.
1987 жылы «Сымбат» сән театрының негізі қаланды. Сәатры көптеген шетелдік
сән жәрмеңкелеріне қатысқан. «Сымбат» сән театры Қазақстанның атынан 30-дан
астам елде өз топтамаларын көрсетіп келеді. Франция, Англия, Италия, Канада,
Корей Республикасы, Ресей және т. б. елдерде танылды. Онда қазақ халқының ұлттық
ерекшеліктері мен мәдениеті негізге алынып,
киім үлгісі жинақталған.
«Сымбат» сән журналы 1958 жылдан бастап жарық көре бастады. Бүгінгі таңда
мұндай сән журналдарының саны көбейді. Олар: «Burda», «Сәулелі сән» (қыз-
келіншектерге арналған мұсылмандық сән журналы). «Ерке-Нұр» компаниясының
жанынан 2007 жылдан бері «Ерке-Нұр» атты қыз-келіншектерге арналған әдеби-
танымдық сән журналы шығып келеді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
alina1866
05.10.2020 00:40

Менің қалам – Петропавл.

Менің туған қалам – Петропавл қаласы. Петропавл — Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан бері). Қаланың негізі Есіл өзенінің оң жағалауында 1752 жылы қаланған. «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» демекші, өз туған қаламды ерекше жақсы көремін.

Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзенінің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан.

Бүгін біздің Петропавл — 222 шаршы км-ді алып жатқан Республиканың ірі өнеркәсіп және мәдени орталық. Онда 130 ұлт 205,9 мың адам тұрып жатыр. Қазіргі кезде Петропавл астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болды. «ТМД-ның үздік қаласы» көрме-конкурсына қатысып, үш грантқа ие болды, оның ішінде «Тарихи-мәдени мұраларды сақтағаны үшін» грантына лайықталды.

Соңғы жылдары Петропавл қаласы бидай өсіретін сонымен қатар бидай шығаратын 3 млн га бидай егілетін және бидай жинауда Қазақстан Республикасының 25 % өнімін құратын аймақтың орталығына айналды. Менің қалам екі маңызды темір жол магистралы: Транссібір және Трансқазақстан жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан.

0,0(0 оценок)
Ответ:
dimdasha66
30.06.2020 17:05

Әдепті бала арлы бала

Халқымыз "Әдепті бала - арлы бала" деп бекер айтпаған. Әдептілік - қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі, ұлттық қазақи тәрбиенің ізгі бастауы. Игі әдеттен әдет - ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады. Қазақ халқы қашан да үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсеткен халық. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті болуға тәрбиелейді. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өсейік! Ер жеткен кезде ата - анамызды жерге қаратпау - біздің міндетіміз.  

Әдептілікті өз басым әрқашанды үлкенді сыйлау, ал кішіге қамқор болу деп түсінемін және қолымнан келгенше барынша әдепті болуға тырысамын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота