yoruhoshi
29.03.2020 09:31

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да бар.
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Астана – болашағы үлкен қала.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Біздің ел тез дамиды және гүлденеді. Мен отаншылмын. Мен өз елімді сүйемін, себебі мен Қазақстанда тудым, өстім және оқып жүрмін
1. Сөйлемді толықтырыңыз. Парламент үйі ... орналасқан.
А) Астана ауданында
В) Есіл өзенінің бойында
С) Елбасы Резиденциясында
D) Жастар сарайының қасында
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
А) Астана – еліміздің бас қаласы.
В) Сарыарқа жеріндегі қаланың болашағы үлкен.
С) Елбасы Резиденциясы Сарыарқа көшесінде орналасқан.
D) Еліміздің астанасы Есіл өзенінің жағасына орналасқан.
3. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз.
А) табиғат, жұмыс, Есіл
В) Отан, табиғат, Астана
С) мақсат, жұмысшы, Отан
D) еңбек, астана, ынтымақ
4. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. 1991 жылы ... .
А) Парламент үйі салынды
В) Астана қаласы салынды
С) ҚР-ның тұңғыш Президенті сайланды
D) Н.Ә. Назарбаев Резиденциясы салынды
5. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Қазақстанның бас қаласы қай қала?
В) Астананың бұрынғы атауы қалай аталды?
С) Астана қаласының іргетасы қашан қаланды?
D) Астана қаласы қай жылы еліміздің бас қаласы болды?
6. Неге мен өз елімді сүйемін?
А) Себебі Қазақстанның табиғаты әр алуан.
В) Себебі Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай.
С) Себебі мен Қазақстанда тудым, өстім және оқып жүрмін.
D) Себебі біздің ел тез дамиды және гүлденеді.
7. Нақ осы шақтағы етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
В) Біздің ел тез дамиды және гүлденеді.
С) Мен өз елімді сүйемін.
D) Мен Қазақстанда оқып жүрмін.
8. Қазақстан табиғатының әр алуандығын көрсететін сөйлемді табыңыз.
А) Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
В) Біздің ел тез дамиды және гүлденеді.
С) Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да бар.
D) Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді.
9. Көп нүктенің орнына қай сөзді қою керек? Астана – ... Қазақстанның бас қаласы.
А) үлкен
В) көп қабатты
С) әр алуан
D) тәуелсіз
10. Мәтінге ат қойыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
t12345k
01.05.2020 10:13

Есімдігі бар мақал – мәтелдер.

Біреуге өмір тілегенше өзіңе өмір тіле.

*     *     *

Өзің білсең өзіңе сен.

*     *     *

Өзінікі дегенде өгіз қара күші бар кісінікі дегенде анау-мынау ісі бар.

*     *     *

Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

*     *     *

Өз елім, өлең төсегім.

*     *     *

Ана сүтін ақтамағанды

Ешкім мақтамайды.

*     *     *

"Сіз","Біз" деген жылы сөз,

Ағайынға жарасар.

*     *     *

Өзін - өзі билеген ер бақытты,

Өзін - өзі билеген ел бақытты.

*     *     *

Біреу тойып секіреді,

Біреу тоңып секіреді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
foorsik
01.05.2022 16:59
Ұқыпты оқушы. 
Оқушының ұқыптылығын бірнеше түрі бар. Біріншісі - сабағына деген ұқыптылығы мен тиянақтылығы. Оған жататындары: сабақты дер кезінде, тиянақты және ынтығып оқуы. Екіншісі - оқушының өз оқу заттарына мен мектеп дуниелеіне ұқыптылығы. Оқүшы ең алдымен тазалықты сақтап, айналаны лас қылып, былғамай ештеңені бұзбай жүруі тиіс. Үшіншісі - ол мұғалімдер мен оқушылар мен сөйлесудегі ұқыптылығын. Өйткені мектеп деген ол қоғам. Басқаларды сыйлап. олардың сезімдерімен ұқыпты болсан, қоғам ішінде сыйлы боласын.
Төртіншісі және ең маңыздысы ол оқушының өз - өзіне деген ұқыптылығы, яғни жүріс тұрұсына, келбетіне, киген киіміне, өзінің ішкі жан дүниесіне ұқыптылығы. Қортындылай келсек ұқыптылық тек затқа емес оған қоса айналадағы адамдар мен өзіңе деген қарым - қатынасың.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота