Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтап жүгіріп келіп: «Судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «шапқы-ау, шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білеуітке жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», - депті
жазылым
Объяснение:
Мен осы пікірмен келісемін. Себебі Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – қазіргі заманауи қоғамның ең маңызды мәселесі болып тұр. Табиғи ресурстардың азайып, сарқылуы – өзекті. Қор деңгейінің төмендегені соншалық а жеткіліксіз екендігі мықтап сезілуде. Сондықтан оларды тиімді пайдалану, адамзат әрекетінің зиянды зардаптарына жол бермеу, бүкіл табиғи кешендердің өнімділігін сақтап, арттыру қажеттілігі туындайды. Қазіргі таңда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану ауқымды проблеманы алып отыр.Себебі,табиғи қорлар қажетті деңгейде қорғалып жатқан жоқ. Елімізде көптеген құнды ресурстар бар,бірақ оны пайдалану деңгейі төмен және де оны жүзеге асыратын маман иелері елімізде аз. Дамыған елдерде табиғат ресурстарын пайдалану жоғарғы деңгейде,себебі олар шикізат ресурсын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады.Өзіміздің елде де осы мәселені жолға қойсақ,елімізде табиғат ресурстарын тиімді пайдалануда проблемалар болмайды.