Emmz
20.12.2020 07:11

Оқылым.Тапсырма. Мәтіндерді оқып, оларды салыстырыңыз. Мәтіндер қандай стильдерде жазылған? Стильге тән сөз қолданыстарынан мысал келтіріңіз.
А мәтіні
1991 жылдың 13 наурызында негізі қаланған «Қазақстан-Ғарыш» бағдарламасы ғарыш кеңістігіндегі кешенді зерттеулерге осылайша кең жол ашты. Содан келіп ғарыш зерттеу саласына біржолата мойын бұрған Қазақстан Республикасы 2007 жылы елімізде Ұлттық ғарыш агенттігін құрды.2006 жыл. Қазақстан ғарыштық мемлекет. «KazSat» – сәтсіздік
Қазақстан мен Ресей арасындағы жоғары дәрежелі мемлекеттік қарым-қатынас ғарыштық байланыстар негізінде жыл сайын өркендеп, құлаш жайып дами бастады. Ресейдің ғарыш агенттігінің кәсіби іс-қимыл қызметін, тіпті, «Қазғарыштың» араласуынсыз көз алдымызға елестету мүмкін де емес секілді еді.
2004 жылдың қаңтары. Көрші жатқан екі ел арасында қазақстандық тұңғыш геостационарлық ғарыш аппаратын дайындап ұшыру туралы мемлекеттік маңызы бар келісімшартқа қол қойылды. Үлкен жобадағы аталмыш Жер серігі 12 транспортерден тұрады десек, оның 8-і интернет пен телефонияға, үкіметтік және басқа да байланыстарға бағыттала жоспарланып, 4 транспортер телевизиялық жобаға қызмет ететін болды. Жер серігін жасауға Ресей Федерациясынан тыс 15 шетелдік фирма мүшелері қоян-қолтық араласып атсалысты. Олардың қатарында әлемдік борттық телекоммуникациялық жабдықтар шығаратын Boeing, Alcatel Alenia Spazio Italia, ComDev компаниялары да бар. «Протон-К» зымыран тасымалдағышымен жоспарланған алғашқы Жер серігі 2005 жылдың желтоқсанында орбитаға шығатын болып бекітілгенмен, қосымша тексерулердің қажеттілігіне байланысты әуелгі ұшу кейінге шегерілді.
Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласына қатысты тарихының жаңа парағы 2006 жылдың 18 маусымы күні ашылды.
Осы күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық тұңғыш «KazSat» Жер серігі ұшырылды.

Ә мәтіні
Ғарыш туралы түсінік.Ғарыш дегеніміз не?
«Космонавтика» - грек тілінен аударғанда «кеме басқару» деген мағынаны білдіреді екен. Ал осы космос корабльін орбитаға шығару үшін қуатты ракета двигателі және отын қажет, ал ракета жоғары температураға төзімді, жеңіл де берік материалдан болуы тиіс. Негізі осы космос және космосқа ұшу туралы ғылымның негізін қалаған К.Э.Циолковский болатын, ал оның арманын, ойын жүзеге асырған бас конструктор Сергей Павлович Королев басқарған совет ғалымдары мен инженерлер болды. Сондықтан да ғарыш кеңістігін игеру С.П.Королевтың есімімен тығыз байланысты. Жердің тартылыс күшін жеңе отырып, жердің тұңғыш жасанды спутнигі орбитаға 1957 жылы 4 қазанда көтерілді, бұл күн балалар космос дәуірінің басталуы болып есептеледі.
Ғарыш – ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш «Жер төңірегіндегі» кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады.
Ғарыш алаңы немесе космодром ғарыштық аппараттарды (ҒА) құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: технологиялық позиция, старттық жөне командалық өлшеу кешен-дері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан күрылыстардан тұрады.

А мәтіні Ә мәтіні
Тақырыптары қандай?
Мәтіндерде қандай сөз түрлері (диалект сөз,жаңа сөз,көнерген сөз,кәсіби сөз,термин сөз) бар?Мысал келтіріңіз.
Мәтіндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
↓
Популярные вопросы:
Ответ:
armen1983armen
09.04.2023 18:28

Қыз өссе, елдің көркі.Бұл сөз өте кереме.Қараңызшы,"қыз" деген үш әріптен құралған сөз әлемнің барлық әдемілігі мен жайлылығын,табиғаты мен әсемділігін жиып тұр.Ана да қасиетті адам ана да қыз боп туылған,әже де қайырымды жан,ол да қыз боп өмірге келген.Әлемде қыздар көп не себепті деп ойлайсыз?Менің ойымша қыздардың көп болғаны жақсы,қыз баласы биязылығымен,инабаттылығымен,қылықтығымен өзіне баурап алатын әсем де аяулы жан.Біздің әпкеміз,сіңіліміз,анамыз,әжеміз де ардақты да аяулы жан.Қыз дегеніміз гүл ғой. Гүлді аялап ұстамасақ, солып қалады. Сол секілді қызды да аялап сыйламасақ,гүл секілді солып көңілі түседі. Сол үшін "Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі" деген мақал қалыптасқан.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ninayurova51
09.04.2023 18:28

Адам – ең жоғарғы құндылық. Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы – оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.

Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.

Орыс жазушысы К. Г. Паустовский: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»;

Куба жазушысы, саяси қайраткер Х.Марти: «Адам бола білу – ең қиын мамандық» - деп жазған. Ең ұлы жеңіс- өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота