mazieva82872
14.11.2022 11:44

1-тапсырма.Мәтіндерді оқып, берілген екі мәтіннің стилі мен тілдік ерекшелігін кестеге салыстырып көрсетіңіз. 1-мәтін

«Бәйтерек» монументі – елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

Сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей бұл «терек» әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды.

«Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады. Жерасты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан.

Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті.

2-мәтін.

- Асан,Астанамыздың төрінде тұрған «Бәйтерек» туралы сен не білесің?

- Ажар, сен де қызықсың-ау, әрбір елдің астанасы болса, сол астананың өз символы болмай ма? Мысалы, Париж десе, Эйфел мұнарасын, Лондон десе, Биг-Бен сағатын есімізге аламыз. Сол сияқты Бәйтерек – Астананың символы дер едім.

- Иә, дұрыс айтасың. Елордамыздың символы «Бәйтеректің» биіктігі неше метр білесің бе?

- Асан, жарайды, сен білмесең, мен айтайын. Биіктігі 97 метр. Неліктен 97 метр деп ойлайсың?

- Мылжыңдадың-ау! 97 иә, 1997 жылы елордамыз Алматыдан Астанаға көшті. «Бәйтерегіміздің» биіктігі 97 метр болуы осы себептен болар?!

- Иә, Асан, мұндай шардың биікте тұруы әлемнің бірнеше қалаларында кездеседі. Мысалы, Италияда осындай шар 20 метр биіктікте тұр, ал Эмираттарда 56 метр биіктікте. Бұларды біздің биіктігі 97 метр «Бәйтерегімізбен» салыстырып көрші!?

- Шынында да, осындай шардың 97 метр биіктікте тұруы – тек қана біздің елімізде екен ғой. Ажар, ал осы шар туралы не айтасың?

- Түркі халықтарының аңызы бойынша, алып ағаш - бәйтеректің ұшар басына аңыздағы Самұрық құс жыл сайын жалғыз ғана алтын жұмыртқа салады екен, сол жұмыртқа өмірдің символындай бүкіл тіршілікке жан беріп тұрады екен.

- Иә,мүмкін... Елордамыздағы «Бәйтерек» даламыздың асқақ рухын, халқымыздың биік парасатын, біздің бақытты болашағымызды көрсетіп тұр деп айта аламыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
вадим839
04.02.2021 23:15

1 Адам – ең жоғарғы құндылық.  Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы – оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.

Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.

Орыс жазушысы  К. Г. Паустовский: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»;

Куба жазушысы, саяси қайраткер Х.Марти: «Адам бола білу – ең қиын мамандық» - деп жазған. Ең ұлы жеңіс- өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты.

0,0(0 оценок)
Ответ:
lislibert
07.05.2020 19:49

"Нарынқұм зауалы" – ақын Мұхтар Шахановтың Махамбет Өтемісұлы туралы жазған жыры. Бұл поэма Махамбеттің күрескерлік айбынын, ұлттық болмысын, ақындық тереңдігін, азаматтық парасатын танытатын ілгері шығарма саналады.

Поэманың І бөлімі "Махамбеттiң соңғы сөзi" деп аталады. Өлеңнiң сюжет желiсi Махамбеттiң өмiрiнiң соңғы күндерi туралы өрбейдi. Өлеңдегi трагедиялық образ – Махамбет. Ол өзiнiң түсiн айту арқылы ақындық пен батырлықты дәрiптеп, өзiнiң ел болашағына деген зор сенiмiн бiлдiредi. Автор өлеңдi Махамбеттiң өз аузынан сөйлеу арқылы оқырмандардың зор ықыласын айтқан.

Объяснение:

Осы

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота