Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық тілі.
Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.
Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады.
Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады.
Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның "Қүтадғу білік” еңбегі, Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Ахмет Йүгінекидің "Һибат Ұл һақайық” еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің "Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады.
Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі
Это может быть неправильным
Әлемнің ірі қалаларында Ботаникалық бақтар ашылған. Ботаникалық бақ – қала аумағындағы қоршауға алынған табиғи жасыл желекті арнайы аймақ.
Мұнда хош иісті сирек гүлдер, көп таралмаған ағаш түрлері биолог ғалымдардың арнайы бақылаумен өсіріледі. Дүниежүзінде кездеспейтін, тек бір талы ғана қалған өсімдік түрлері де бар. Табиғат үшін маңызы орасан, құнды өсімдіктерді де осы бақтардан көріп білеміз. Мұндай ботаникалық бақтар мемлекеттің қамқорлығына алынған.
Сөйте тұра барлық Ботаника бақтары көпшілікке арналған деуге болмайды. Кейбір мемлекеттер мұндай жасыл желекті өңірді туристік мақсатта пайдаланады. Енді бірін экологиялық орталық ретінде айрықша қамқорлыққа алған. Көптеген бақтар тек ғылыми мақсатта пайдаланылады. Ондағы өсімдіктер жұртқа көрсетіле бермейді.