Шығарма.
Интернет - өмір талабы.
Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдалы жақтарын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Ғаламтордан қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен ғаламтордың пайдасы мен қатар, зиянды жақтары да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мысалға, кітап оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Менің ойымша қаншама уақытты компьютерлік ойын ойнаумен өткізгеннен гөрі, сол уақытты спорттық ойындарға арнасақ, денсаулығымызға пайдасы зор болмақ.
Дегенмен де, менің ойымша ғаламтордың зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін. Бірақ мен өз денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану туралы дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.
Театр – грек тілінен аударғанда «көрініс» деген мағынаны береді. Алғашында театрда сахнадағы əрекет өз кезегінде хор арқылы, немесе түрлі басқа да іс-қимылдармен толықтырылып, комплексті тұрғыда алғанда, үлкен гармониялық аура тудырған. Көбінесе, ашық аспан астында өткен қойылымдарды көрермен жартастардың үстінде, арнайы жасалған биік құрылыстардың үстіне отырып көргенін сол заманнан қалған сəулет құрылыстарынан білеміз. Сондай-ақ ежелгі театр тек Грекия жерінде ғана емес, сондай-ақ көптеген ежелгі шығыс елдерінде, Үндістан, Қытай, Индонезия, Жапония секілді елдерде кеңінен етек жайғаны да белгілі. Орта ғасырдағы Еуропада халықтық театрдың рөлін кезбе əртістер ойнаған. Ал Еуропадағы тұңғыш кəсіпқой театр Италия маскалар комедиясы екені тарихи жазбаларда кездеседі.
Театр сонау көне Грекияда пайда болып, əртістердің ойыны, музыкалық нөмірлер, поэзия, проза, дизайн секілді бірнеше өнерлерді қамтығаны аталып өтілді. Театр осындай жан-жақтылығымен де құдыретті. Яғни бірнеше адамзаттық өнерлерді бір жерде топтастыру, ұйыстыру осындай үлкен өнердің тууына себепші болып отыр.
Театр қойылымдары пьесаның мəтіні бойынша, режиссердің, əртістің, суретшінің, композитордың жұмысынан құралады. Жалпы қойылымның негізі драматургиядан басталады. Тіпті қойылымда мүлдем сөз болмағанның өзінде мəтін өте қажет деталь. Ал сол драматургияны сахналау – кəдімгі бір тілден екінші тілге аударғандай процесс. Ал оның көрерменге жетуі мүлдем басқа жағдай.
Мұхтар Əуезов өзінің «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» деген мақаласында «...театр өнерінің ұрығы елдің әдет-салтынан, ойын-сауығынан, өлең-жырынан басталған. Театр өнерін туғызатын жайлы топырақ, қолайлы шарт елдің өз денесінен шыққан» - дейді. Адам өзін-өзі сақтап қалуы үшін, рухани құндылықтарына кір жақпас үшін, үнемі театрдан сабақ алып отыруға тиісті. Ал Шәкен Айманов «Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы» - деп зор баға берген.
Көптеген адам театрдан гөрі кинематографияны ұнатады. Кино мен театрдың айырмашылығы: театрлық қойылымды сіз өзіңіз көресіз, ал киноны сізге көрсететінін ұмытпау керек. Тіпті кейде театрдың болашағына алаңдайсың да. Алайда, əлденеше ғасырды жүріп өткен театр өнері уақыттан, жаһанданудан қорықпайды. Сөз жоқ, театрдың өз аудиториясы бар. Дей тұрғанмен, театрды өз ауқымымен жауып келе жатқан субмəдениет формалары үлкен үрей туғызары анық.
Театр өлмейді де, оны ешкім өлтірмейді. Мұхтар Әуезовтіңсөзімен ойымызды қорытындылайтын болсақ, «Театр - сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі».