Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.
Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Мақмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрілі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түркі қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырда бөлініп шыққан. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13—14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді.
Соғыс кезінде ол ұшқан, «Ил-2» ұшағы оны көп рет ажал құшағынан құтқарды. Талғат Бигельдинов шаруа отбасынан шыққан, ол 1922 жылды 5-тамызда, Ақмола облысының Майбалық ауылында дүниеге келген, ал басқа мәліметтер бойынша батыр Пішпек жерінің (қазіргі Бішкек, Қырғызстан) тумасы дейді. Бірақ та Талғат Бигельдинов Басығара батырдың (Кенесары ханның қолбасшыларының бірі) ұрпағы болды, бұл ақиқат шындық. Басығара батыр 1837 жылы Ақмола бекінісіне шабуыл жасағанда, өз ерлігін көрсетіп, қаза тапқан еді.
«Мен дәрігерлері, акушер әйелдері не кіндік шешесі бар перзентханада емес, анамның қасында биік дөңгелекті, түйеге жегілген арбада, жалпы айтқанда, кәдімгідей көшпелі қоныста дүниеге келіппін. Көптеген қазақтар-малшылар сияқты да, қазақ өмір салтын ұстаған менің туыстарым далада бір жайлаудан екіншіге көшіп жүрген. Осы жағдайда көшіп кетуіміздің басқа бір себебі болған. Ақмола аймағына белгілі болған бай Ғалибай өз малын тәркілеуден құтқарайын деп, менің әкеме Түсіпбек және бабам Бигелді руынан шыққан кейбір жақындарына, ал олардың ішінде менің анам Хадия да бар, малды Алатау тауларына айдап тастауға тапсырма берген. Бірақ та бай Ғалибайдың меншігінде болған малдың саны он бес мыңнан астам болды, соның ішінде мыңнан астам ат болған.