natashaleskovets
30.12.2022 17:29

Киім адамның болмысын, ерекшелігін ... а) көрсетеді б) көрсетпейді Киім кейде адамды әдепсіз етіп ... а) көрсетеді б) көрсетпейді Жарасымды, қонымды киім киген адам қашанда өз-өзіне ... а) сенімді болып көрінеді б) сенімді болып көрінбейді Киім адамды суықтан, ыстықтан, жауын-шашыннан ... а) қорғайды б) қорғамайды Қонымды киім кию әдебі – адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің ... а) жемісі б) жемісі емес Киіміне қарап адамның жасын, жынысын, қайда жұмыс істейтінін ... а) білуге болады б) білуге болмайды Тігіншілер мен дизайнерлер жылда мыңдаған киім үлгілерін ... а) ойлап шығарады б) ойлап шығармайды Стиль әр адамның мінезі мен қызығушылығына ... а) байланысты болады б) байланысты болмайды


Киім адамның болмысын, ерекшелігін ... а) көрсетеді б) көрсетпейді Киім кейде адамды әдепсіз етіп ..

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
1505Анютка1505
31.03.2020 11:21

Жүрeгімнің түбінe тeрeң бойлa,

Мeн бір жұмбaқ aдaммын, мұны дa ойлa.

Соқтықпaлы соқпaқсыз жeрдe өстім,

Мыңмeн жaлғыз aлстым, кінә қоймa.

дeсeк сірә, қaтeлeсeтін шығaрмыз. Өйткeні оның өлeңдeрін әр оқығaн сaйын, жaңa әсeр мeн ойлaр қaптaйды дaeріксіз тeбірeнeсің, толқисың. Aқын жүрeгін тeрбeгeн сeзімдeр, aрaғa ғaсырлaр сaлып сaғaн орaлғaндaй күй кeшeсің. 

Абай  – қазақтың ұлы ақыны, философы. Абайдың философиялық ой-пікірі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Абай әйгілі шығыс классиктері Фердауси, Сағди, Ширази, Низами, Навоилардың шығармаларын және ислам философтарының көзқарастарын жетік білді, сонымен бірге ежелгі гректің атақты классигі Аристотельдің философиялық шығармаларымен және Сократтың еңбектерімен толық танысты, В.Г. Белинскийдің еңбектерін көп оқыды. Абайдың дүниетану жолында өткен замандардың кемеңгер философтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданды. Осы кездегі қазақ қауымын толғандырған басты құдірет, жан мен тән, өмір мен өлім туралы болса, солардың барлығына Абай алға басарлық тұрғыдан жауап беруге тырысты.

Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Оның қара сөздері көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философлық түйіндерді жинақтаған  публицистикалық үлгіде жазылған. Оның сөлем құрылымы, сөз саптау өзгешеліктерін де осы мақсатпен туады. Көлемі шағын, мазмұны, мағынасы ауқымды, терең болып келеді. Кейбіреулері сұрау-жауап түрінде,  өзімен-өзі сырласу, оқырманмен кеңесу түрінде беріледі.

Абай әлемі, оның өлеңдері мен қара сөздері бір халық қана, яғни қазақтың рухани жан дүниесінің сәулесі болған жоқ. Ол әлемдік деңгейде талданып, үлкен сұранысқа ие болған шығармалар жиынтығы. Себебі Абай әлемі кешегі парсы, араб, кейінгі орыс мәдениетімен ұштасып жатыр. Оған дананың өзі алған білімдері мен айтқан сөздері куә.

Аталған жұмыстың тақырыбын Абайдың қара сөздеріне қарата отырып алуымызға бірден-бір себеп, оның қара сөздері қайта-қайта оқуды талап етеді. Себебі философиялық мәнге ие, жанрлық жағынан күрделі, стилдік ерекшелігі қалыптасқан. М.Әуезовтың «Абай жолын» қанша рет оқысаңыз, сонша рет түрлі ойға қаласыз. Себебі шығарманың ерекшелігі сондай деңгейде жазылған. Ал аталған шығарманың бас кейіпкері атанып отырған дана Абайдың өз сөздері, қара сөздері мың ойланып, толғануға жеткізбейді деп айта аласыз ба?!

Абай адамдарды осы дүниеде игілікті еңбек етіп, өнер-ғылым тауып, өз тіршілігін оңалтып, рақат көруге насихаттайды. Халықты өнер-ғылым жолы-на жұмылдырады: “Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба”, “Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғылымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз” дейді. Дүние бір алып құрылыс, оған әрбір адам өз үлесін қосу керек деп тұжырамдайды: “Әсемпаз болма әр неге, өнерпаз болсаң арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!” дейді. Абай ақыл- парасатты дәріптеп, ғылым мен ағарту идеяларын насихаттады. Абайдың философиялық ой-пікірінің әлеуметтік маңызы мен алға басарлық мәні, міне, осыда.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/46313/

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
KOTEНОКGAB
17.12.2021 09:28

Ауылшаруашылығы мен қолөнердің дамуы Египетті нығайтты. Мол өнім тайпа көсемдерінің жағдайын жақсартты. Байлық есебінен ақсүйектердің күзетшілері мен шабармандары көбейді. Осылайша тайпа көсемдерінің ықпалы күшейе түсті. Бірте-бірте адамдардың билігін өз қолынаалған олар барлық мәселені жеке-дара шеше бастады. Б.з.б. IV мыңжылдықта Египетте көптеген ұсақ мемлекеттер пайда болды. Олардың патшалары ақ тәжі бар Оңтүстік мемлекеттің билеушісі, қызыл тәжі бар Солтүстік мемлекеттің билеушісін бағындырғанға дейін соғысты. Б.з.б.3000 жыл біртұтас мемлекет құрылды. Бүкіл Мысыр билеушісі қос тәж кие бастады. Біртұтас Египет билеушісі перғауын деп аталды. Алғашқы астанасы Мемфис қаласы болды.

Пирамидалар – Ежелгі Египеттің ең құпиялы және орасан зор құрылысы. Олар Египет билеушілерінің, яғни перғауындардың мазары қызметін атқарған. Ең биік пирамида Гиза қаласында б.з.д. 2600 жылы Хеопс (Хуфу) перғауынға арнап салынған. Оның биіктігі 146,6 метрге жуық. Құрылысқа салмағы 2,5 тонна болатын үлкен тас кешендері жұмсалды. Пирамида құрылысына осындай 2 300 000 тас кешені пайдаланылды.

Хеопс пирамидасының маңайынан тыс аймақта Үлкен сфинкс мүсіні табылған. Бұл – басы адам,ал денесі арыстан кейпінде жасалған зәулім тас мүсіні. Гизадағы пирамидаларды қорғаушы бұл сфинкс біртұтас үлкен жартастан ойылған. Оның биіктігі жеті қабатты ғимаратқа тең.

Ежелгі египеттіктердің түсінігі бойынша, адам қайтыс болғаннан кейін оның жаны тәнінен арылады, бірақ ол денесіне қайта оралуы мүмкін. Сондықтан мәйітті сақтап қалу үшін денені бальзамдаған. Қайтыс болған адамның өңделген денесі мумия деп аталды.

Тутанхамон – Атақты Египет перғауындардың бірі. Оның аты «Амонның жанды бейнесі» дегенді білдіреді. Амон – Ежелгі Египеттегі аспан құдайы. Амонды кейінірек египеттіктер Амон-Ра (Күн құдайы) деп атаған. Тутанхамон елді б.з.д. XIV ғғ. басқарды.

1922 жылы Хауард Картер басқарған археологтар тобы Патшалар алқабынан бұрын ашылмаған Тутанхамонның табытханасын тапты. Табытханадан алтынмен қапталған кереует, көптеген алтын мен күміс заттар табылды. Сондай-ақ оның ішінде патша билігінің нышаны саналатын екі аяқты алтын күйме, патша тағы, алтын жалатылған әсем бетперде жатады. Бетперденің салмағы 10 килограмға жуық. Ол Тутанхамон перғауынның бет-әлпетінің қандай болғанын анықтауға мүмкіндік берді.

Тутанхамонның мумиясы таза алтыннан жасалған үшінші саркофагтың ішінде орналасқан. Жерлеу бөлмесінің қабырғалары жазуларға толы. Ғалымдардың пайымдауы бойынша, қабырғадағы мәтіндер сиқырлы дуалар болуы мүмкін.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота