vadim252525
13.11.2022 00:09

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штатының Ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі кітапханаларының бірі. Ол Вашингтонда орналасқан. Америка Құрама Штат Конгресінің ғылыми кітапханасы болып есептеледі. Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде Америка құрама Штат президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған.
Жыл сайын кітап қоры 1-3 миллион сақтау бірлігіне дейін өсіп тұрады. Сканерлеу жылдамдығы күніне 75-200 құжаттарды құрайды.
Конгресс кітапханасында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар. Конгресс кітапханасының 1958 жылдан бастап ай сайын шығып тұратын маңызды библиографиялық көрсеткіштері бар. Соның бірі – Америка Құрама Штатының кітапханасында сақталған жиынтық каталог.
Мұнда президенттердің кітап жинақтары, қытай және жапон туындыларының әдебиеттері, сирек кездесетін америкалық басылымдар коллекциялары сақталған.
(125 сөз)
1. Мәтіндегі болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдырыңдар.
орналасады
есептеді
құрылды
тұрады
сақтады
2. Әлемдегі ең ірі кітапхананы атаңыз.
3. Кітапхана қай қалада орналасқан және қай жылы құрылды?


Оқылым
2.Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Су – тіршіліктің көзі. Психолог Масару Эмото: « Судағы таза энергия көп ауруларды жазады», - дейді. Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Сол себепті денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді. Ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана ауыз суды пайдаланады. Сол үшін жер бетіндегі халаққа су қоры жетпейді, әлемде су тапшылығы мәселесі бар. Ол, әсіресе Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар түрлі ауруларға шалдығады.
1. Судың қандай қасиеті ауруларды жазады?
А) минералдарды реттеуі
В) иммунитетті күшейтуі
С) түрлі қалыпта болуы
Д) таза энергиясы
2. Судың жетіспеуі ағзаға ...
А) күш түсіреді
В) қауіп төндіреді
С) пайда болады
Д) оттегін тасиды
3. Су ташылығының адамзатқа кері әсері қандай?
А) адамдар ауруларға шалдығады
В) емдік мақсатта қолданады
С) суды үнемдеуді түсінеді
Д) мұздықтарды ерітеді
4. Мәтіндегі сан есімдерден есептік, реттік сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
40 қырық қырқыншы

Жазылым
«Тұмар ханшайым» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз. Шығармада болымды және болымсыз етістіктерді қолданып, шығарма стилін сақтаңыз (50-60 сөз).

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ДжудиХопс12345
09.12.2022 05:30
Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер жәнетұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді.

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. *Бастауыш* кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст) Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.

*Баяндауыш* - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше. Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді. Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.

На казахском "Тұрлаулы мүшелер "- на русском "Главные члены предложения "

Желаю удачи ! Сәттілік тілеймін ))
0,0(0 оценок)
Ответ:
Mашуня1111
08.01.2023 23:10

Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін "Жердің жасанды серігі"-1957жылы 7қазанда аспан кеңістігіне шығарылды.Осы уақыттан бастап адамзат ғарыш кеңістігін зерттей бастады.Ал қазіргі уақытта жерді айнала жүздеген Жердің жасанды серіктері ұшып жүр.Олар арқылы радио мен теледидар хабарлары тезарада дүние жүзіне таратылды.Жердің жасанды серіктері арқылы ауа райын дұрыс және дәлдеп болжауға мүмкіндік туды.Теңізде жүзген кемелер мен ұшақтар бағытын бұрын жұлдыздарға немес Ай мен Күнге қарап болжайтын болса,қазір бұл Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүзеге асады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота