Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Қазақстанда тату-тәтті он бес миллионнан астам адамдар өмір сүреді , жүздеген халықтар тұрады . Менің таңғалатыным , қалай бір елде көптеген халық тұрады , діні-насихаты әр түрлі адамдар бәрібір ілтипатты бір-біріне таза және пәк . Қазақ , орыс , ұйғыр , неміс , кәріс , татар және т.б. тілдерде кітаптар мен мақалалар шығады , ұлттардың тілдерінде радио мен теледидарлардан бағдарламалар көрсетіледі . Бәрімізді қосатын бір ел - Қазақстан . Елімізде бар барлық ұлт қазақ , татар , орыс , кәріс тағы бар . Бәрімізге пана болды . Ең тату халықтың бірі қазақтар . Қазақтың жері жомарт халқы дархан . Бәрі тілін , тарихын білу керек . Осы жерде бәрі болсын тату . Қазақстанның халықтары тату берік . Бұл қазақ жерінде бірлікті сақтауға көмек береді . Ал "Бірлік" - бұл ең маңызды .
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку