knaletov
12.08.2021 12:21

5. Екі тапсырманың бірін орындаңдар. 1. Өздеріңе жақсы таныс адамнан оның хоббиі жайлы сұхбат алыңдар.
2. Мәтінді негізге алып, өздеріңнің сүйікті істеріңнің артықшылығын жарнамалаң-
дар. Мәтіндеріңнен күрделі сөздерді теріп жазып, түрлерін көрсетіңдер.
Менің сүйікті ісім - қолөнер. Күйзеліс пен көңілсіздіктен арылтатын
ic
тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз.
Сондай-ақ кесте тігу, сурет салу, икебана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнер түр-
лерімен айналысуға болады. «Қолымнан келмейді» десеңіз, танымдық кітап-
журналдарды ақтарып, үйреніп алуға ұмтылыңыз.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
maksimsavelev1
04.06.2021 16:39

«Отбасы» тақырыбына байланысты сөздер (орысша аудармасымен):

Отбасы: семья

Отағасы: глава семьи

Әке: папа

Ана: мама

Ата – ана: родители

Бала: ребенок

Немере: внук

Шөбере: правнук

Ата: дедушка

Әже: бабушка

Аға: брат

Іні: младший брат

Әпке, апа: старшая сестра

Сіңлі/қарындас: младшая сестра

Тәте: тетя

Көке: дядя

Жезде: зять (по отношению к родственникам жены, которые младше ее по возрасту)

Бажа: свояк

Абысын: невестка (жена старшего брата по отношению к жене младшего брата)

Ағайын, туыс, туысқан, бауыр: родственник

Нағашы: родственники, по линии матери

Өз жұрты: родственники, по линии отца

Қайын жұрт: родствениик, по линии мужа/жены

Құда: сват

Құдағи (құдағай): сватья, сваха

Келін: невестка

Күйеубала: зять

Ене: Свекровь

Ата: свекор

0,0(0 оценок)
Ответ:
malkevich12
08.08.2020 23:57

«Отан отбасынан басталады» тақырыбына диалог құрастыру.

Еркебұлан: Алмасбек, маған шығармашылық жұмысқа түрлі адамдарын пікірін жинастырып, талдау жұмысын жасау керек. 5 – 10 минут уақытың болса, бір сауалға жауап беріп, өз пікіріңді айтқанға қалай қарайсың?

Алмасбек: Жақсы, қандай сауал екен?

Еркебұлан: Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Осы сөздермен келісесің бе, жалпы пікірің, көзқарасың қандай?

Алмасбек: Иә, толықтай келісемін. Себебі, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Еркебұлан: Қандай керемет жауап. Рахмет. Жалпы, отбасында ұл бала мен қыз бала тәрбиесі қандай болу керек?

Алмасбек: Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген. Қай заманда болмасын, қазақ отбасында ұл бала әкеге қарап,қыз бала анаға қарап есейеді. Әкелеріміз ұл баланың бойына өнер мен еңбектi,iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар сiңiрген. Ал қыз баланы инабатты да көргенді болып өсуіне аса мән берген.

Еркебұлан: Пікіріңе көп рахмет, достым!

Алмасбек: Оқасы жоқ.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота