Егер мен Сапабек болсам сондай тас жүрек болмас едім.Ата-анамды тастап, өзім жұмыс қуалап,сонау жыраққа кетпес едім.Керісінше әке-шешемді бағып, ауыл жұмысына көмектесіп, жұрт алдында күлкі болып отырмайтын едім. Елге ұнау үшін мақтанып, кеудемді қағып, жаңалығыммен жар салмас едім. Баламды әр жазғы демалыс сайын ауылға ата-апасының қолына әкеліп, әр іске шымыр, батыл қылып тәрбиелеймін! Сапабекті Ерғабыл ата мен Бағила апамыз тым ерке,өз бетімен өмір сүруге бағыттап жіберген секілді. Менің ойымша егер мен Сапабектің орнында болсам өмірімді түбегейлі өзгертіп, барынша мейірімді болып, ата-анамның жағдайын жасайтын едім.
Объяснение:
Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы деп тұңғыш президентіміз Н. Назарбаев айтып өткендей, тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі.