уакыты 1837 1847 жылдар аралығы
ХІХ ғасырдың 20 30 жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындагы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден кіші жүз бен орта жүздегі хан билігінің жойылуы султандардын билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерін әскери бекіністер салу үшін тартып алынды. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешкандай алым салық төлеп көрмеген казактарға ендыгы жерде жасак, түтін салығы жол салығы сияқты алым салық түрі көбейебастады Қазақ өз жерін өзі жалдап пайдаланатын жағдайға түсті.Төртіншіден патша үкіметінің әскери отрядтары ауылдарына шабуыл жасап, күн корсетпеді,олар байырғы халықтықатты күйзеліске ұшыратты. Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған жерлерін кайтарып алу жөнінде,отаршылар енгізген алым салықты көзінжою максатында болды.
Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М.Ф.Көпрүлузаде, Н.С.Банарлы, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Э.Р.Рустамов, В.И.Зохидов, т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мәнмағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп, о дүниенің рухани әлемін меңгеру), «насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады.