Бағаналы терек жарылса, Бақыраш жамап болар ма?!
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші
Қыранға тұғыр қыларға.
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы,
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сұрарға!
3-тапсырма
Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазыңыз.
Шабыттарыңызды шыңдап, автор стилін сақтай отырып,
2-3 шумақ өлең құрастырыңыз.
… алғанша,
… алсайшы,
… салсайшы,
… үйреніп,
… бастауға!