Елбасымыздың « Ұлы даланың жеті қыры » атты мақаласын оқып сүйінгенімді ішіме бүкпей айтуды жөн көріп отырмын . Елбасымыз қашан да мемлекетіміздің , халқымыздың алдында тұрған міндеттер мен парызымызды дөп басып көрсетіп отыратыны баршаға мәлім . Елбасымыз Батыс Еуропа мен Шығыс елдерінің бірегей өркениетін айта отырып , біздің туған жерімізде , Қазақстанда да бірегей өркениет амығанын тайға таңба басқандай көрсетіп беріпті . « Ұлы даланың жеті қыры » атты стратегиялық мақаласы барша болмыс - бітіміміз бен қадір қасиетімізге нәр беріп , кемел келешегіміздің бағыт - бағдарын айқындап бергенін айтқым келеді Мұның бәрі - өткенін мақтан тұтып , өз - өзіне сенімді ұрпақ тәрбиелеуде бағдаршам болатын құндылықтар . Міне бүгінгі аға буынның ұрпақ алдында адал атқаратын бастамалары да осы.Алда әлі ұзақ жол үлкен асулар бар .
Менің Отаным Қазақстан.
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан, яғни мен Қазақ Республикасының азаматымын. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет.
"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Біздің қазақ халқы кең пейіл әрі қонақжай екені баршаға мәлім.
Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Еліміз елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, Ата заңымызда жазылғандай демократиялық, зайырлы мемлекет. Ата заңымызды құрметтеу - әрбір Қазақстан азаматының парызы деп білемін.
Осындай кең байтақ жерде дүниеге келіп, осы елдің азаматы болу - мен үшін үлкен мақтаныш. Болашақта ер жетіп, Отан қорғау саласына бар күш - жігерімді арнағым келеді.
Сондықтан менің тілегім - еліміздің аспанында әрқашан бейбітшілік қыраны қалықтап, туған жеріміздің аспаны ашық болсын!