GreenDiamonds
27.03.2021 12:44

Бірнеше күн бұрын Әлемтану оқырмандарына әлемдік сәулет өнерінің кестесінен орын алып үлгерген тамаша өнер туындысы - "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы туралы әңгімелеген болсақ, бүгін елордамыз Астана қаласындағы асқақ рухымыздың тағы да бір нышанына айналған "Мәңгілік ел" қақпасы туралы баяндайтын боламыз. "Мәңгілік ел" қақпасы – әлемдегі санаулы қа­лаларға тән ерекше сәулеттік-мо­ну­мен­тал­ды туынды. Бұл сәулет нысаны Астананың сол жа­ға­лауындағы аспанмен таласқан зәулім ғимараттардың бірі. Елба­сы­ның ақ сарайы - Ақорда, одан тарайтын «шуақ бағыты» бір жағынан Бейбітшілік және келісім сарайы, «Қазақ елі» мону­мен­ті, Тәуелсіздік сарайы, Шабыт сарайы ғимараттары бағыт алып тұр. "Мәңгілік ел" қақпасы - Сәулет нысанының биіктігі – 20 метр. Бұл – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының белгісі. Салтанатты қақпа Тәуелсіздіктің жиырма жылдығының қарсаңында ашылған. Әрбір қабырғаның төменгі табанында биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Композициялық тұрғыда бұл ба­рельеф­­тер нысанның төменгі жағында ор­на­­лас­қан. Қақпаның сол жақ қапталында «Ақсақал» мүсіні орнатылған. Бұл – халықтың ойы мен рухани өлшемінің көрінісі, да­на­лық­тың символы. Санаға сіңген осынау дәс­түрлі бейне «даналық», «данышпан», «ғұлама» сынды қазақ халқына тән ұлы ұғымдармен астасады. Оның қазақы ерекшелігін ұлттық киімінен аңғаруға болады. Қақпаның сол жақ қапталында от иесі – «Әйел-Ананың» рельефті мүсіні орнатылған. Ана бейнесі қазақ ұлты үшін «Отан-Ана», «Жер-Ана», «ана тілі» сынды киелі ұлттық ұғымдарына ұласады. Олай болса, ана бейнесі арқылы адамның дүниеге келуі, туған жер мен Отан туралы идея айқын көрініс табады. Мүсіндердің әрқайсысының астында қазақтың «Мәңгілік» дара таңбасы орын тепсе, әр мүсіннің жоғарғы жағында Елтаңба орналасқан. Сыртқы бөліктің жоғарғы жағында «Мәңгілік ел» жазуы бар. Ол – мемлекет пен ұлттың уақытқа тәуелсіз киелі қорғаны. Сондай-ақ қабырғаларының ор­та­сына қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі – қалқан орналасқан. Қалқан – қауіп-қатердің қорғаны, сенімділік, тұрақ­­ты­лық, жеңістің белгісі. Нысанның екі жағындағы «Тай қазан» мүсіні өзіндік орындармен ерекшеленеді. «Тай қазан» тыныштық пен тоқшылықтың, бірегей көңіл мен қонақжай пейілдің терең ұғымын білдіреді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев қақпаның ашылу салтанатында: «Біз бұл тамаша Жасампаздық қақпасын біздің еңбегіміздің, біздің табыстарымыздың белгісі ретінде, болашаққа өтудегі белгіміз ретінде тұрғыздық. Қақпа біздің жас, әсем елордамыз – Астананың тағы бір символына айналатын болады. Біздің береке-бірлігіміз, біздің достығымыз, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі өзара сенім бізді үлкен жеңістерге жеткізді. Біз де еліміздің оты мәңгілікке сөнбесін деп тілейік! "Мәңгілік ел" қақпасына сіз де қонаққа келіңіз Жоспар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Битсухатян
18.06.2021 17:12

Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. А ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып келеді. Жазғы қапырық, ыстық күндерде адамдар жүздеп, мыңдап жағажайларға - өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. Судың жағасындағы таза, салқын ауа, күннің сәулесі, табиғи көгілдір өсімдіктер дүниесі демалысқа өте пайдалы. Әрине мұның бәрі, әсіресе жақсы жүзе білетін адамдарды ерекше рақаттандырады.

Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға батып бара жатса, оны құтқаруды да біледі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
samirsamir21ozrrps
19.04.2020 09:47

Монро доктринасы - 1823 ж. АҚШ президенті Дж. Монро еуропалық державаларға сес көрсете, олардың Латын Америкасы жаңа тәуелсіз елдерінің ішкі істеріне араласпауын талап етіп, оның АҚШ-пен достық қарым-қатынасқа түсірілген көлеңке ретінде қабылданатынын ескерткен сөзінде келтірілген "Америка тек американдықтарға" принципі. Егер бастапқыда Монро доктринасы еуропалық державалардың Батыс жартышары істеріне араласпауы керектігін білдірсе, кейіннен доктрина басқадай мәнге ие болды: АҚШ бұл істерге қажет деп тапқан уақытында араласа алады. Монро доктринасының бұлайша түрленіп, құбылуын 1904 ж. АҚШ президенті Т.Рузвельт жүзеге асырды (Монро доктринасының Рузвельттік салдары ретінде белгілі болды).

[1]

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота